Қазақ руханиятының көрнекті тұлғасы
46 ViewsИлья Жақанов қазақ өнері мен әдебиетінде өзіндік қолтаңба қалдырған шығармашыл тұлға ретінде танылды. Ол тек әдеби шығармалар жазып қана қоймай, қазақ музыкасының тарихын зерттеуге…
Т.Рысқұлов ауданында аумақтық және учаскелік референдум комиссиялары мүшелеріне арналған ауқымды оқыту-семинары өтті
2026 жылғы 26 ақпан күні Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылында орналасқан Құлан агротехникалық жоғарғы колледжінің мәжіліс залында аумақтық және учаскелік референдум комиссиялары мүшелеріне, сондай-ақ сайлау процесінің басқа да қатысушыларына арналған ауқымды оқыту-семинары өткізілді.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының «2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумның қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру туралы» 2026 жылғы 12 ақпандағы №6/15 қаулысын орындау аясында ұйымдастырылды.
Семинарға Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясының мүшелері, Т.Рысқұлов аудандық аумақтық референдум комиссиясының мүшелері, учаскелік комиссия мүшелері, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудандық прокуратура өкілі, қаржы-шаруашылық бөлімінің есепшісі, аудандық полиция қызметінің өкілі, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, жас сайлаушылар клубтарының мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Оқыту-семинарын облыстық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Талғат Салқанұлы Жамалов жүргізді.
Семинар барысында келесі бағыттар қамтылды:
Әрбір тақырып бойынша баяндама жасалып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.
Оқыту-семинардың маңызды бөлігі ретінде нақты жағдаяттарға негізделген кейстік тапсырмалар қаралды.
Қатысушылар шағын топтарға бөлініп, келесі бағыттар бойынша практикалық жағдайларды талқылады:
Әр топ өз шешімдерін ұсынып, заңнама талаптарына сәйкес дұрыс алгоритмдер талқыланды. Бұл формат қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, практикалық дайындық деңгейін күшейтуге мүмкіндік берді.
Семинар барысында «Kahoot» бағдарламасы арқылы телешоу стиліндегі викториналық ойын ұйымдастырылды. Қатысушылар ноутбук арқылы сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін интерактивті форматта тексерді.
Семинар соңында оқытылған тақырыптарды бекіту мақсатында тест тапсырылып, нәтижесінде барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Іс-шара соңында қатысушылар семинардың мазмұнды әрі тәжірибеге бағытталған форматта өткенін атап өтті. Ұсыныстар мен пікірлер тыңдалып, алдағы уақытта оқыту жұмыстарын одан әрі жетілдіру бағыттары айқындалды.
Т.Рысқұлов ауданында өткізілген оқыту-семинары аумақтық және учаскелік референдум комиссиялары мүшелерінің кәсіби даярлығын арттыруға, заң талаптарын сапалы орындауға және алдағы республикалық референдумды жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізуге бағытталған маңызды қадам болды.
Т.Рысқұлов аудандық аумақтық референдум комиссиясы.