Ұйымдасқан әрқашан мұратқа жетеді

19 Views

Кеше Ақбұлақ ауылдық округінде аудан әкімі Ернар Есіркепов Рахым Сәбденов, Қызылшаруа, Бәйтелі елді мекенінің тұрғындарымен жүздесті. Кездесу барысында ауданның экономикалық-әлеуметтік даму көрсеткішін баяндап, жүйелі жұмыстарды жіпке тізді. Айта кету керек, соңғы үш жылда аталмыш ауылда бірқатар бюджеттік жобалар жүзеге асып, халық игілігіне пайдалануға берілген. Соның бірі — спорт кешені. Одан бөлек 15 келушіге арналған емдеу мекемесі бой көтеріп, медицина мамандары заманауи, барлық талапқа сай ғимаратқа көшірілді. Ең бастысы – былтыр Рахым Сәбденов ауылының тұрғындары таза ауыз сумен қамтылды. Бұл жұмысқа бюджеттен жалпы 1 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген. Жиында аудан басшысы тұрғындарды жаңа Конституцияны қабылдау ісіне ауыл тұрғындарын белсенді қатысуға шақырды.
Кездесуде тұрғындар тарапынан да бірқатар мәселелер қозғалды. Тұрғындар мектеп қазандығын газға ауыстыру, мектептегі үйірмелердің санын көбейту, спорт кешеніне қатысты мәселелер қозғалды. Сондай-ақ, Бәйтелі ауылының тұрғындары көше жолдарын салу, электр жарығын реттеу туралы өтініштерін жеткізді. Барлық сұраққа аудан басшысы дәйекті дәлелдерді мысалға келтіре отырып, жауап берді.

Жәнібек Базылбек.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий