Аудан басшысы бірќатар аумаќтарды аралады

78 Views

апта басында аудан әкімі Ернар Есіркепов  орталықтағы бірқатар аймақтарды аралап,  өзекті мәселелерді зерделеді. Ең алғашқысы орталық саябақтағы  санитарлық тазалық жұмыстары.  Мұнда саябаққа сән кіргізу және республикалық  «Таза Қазақстан»  экологиялық акциясын жүзеге асыру  сынды жұмыстар  қарқынды  түрде жүргізілуде. Сонымен қатар  Ұлыстың ұлы күні  әз-наурыз  мерекесіне орай дайындық жұмыстары да басталған.

Аудан басшысы Ернар Серікәліұлы сапар барысында өзге де саябақтарды аралап шығып, онда көктемгі  санитарлық  тазалық айлықтар  аясында абаттандыру  жұмыстарын жүйелі түрде  жүргізу қажеттігін  алға тартты. Аудан аумағында жыл санап жер телімдерін алуға өтініш беретін  тұрғындардың  да саны артқан.  Әсіресе бұл үрдіс аудан орталығында қатты байқалады. Бұл мәселе де назардан тыс қалмай, сапар барысында  кеңінен қарастырылды. Аудан басшысы  Құлан ауылының  Батыс бағытын кеңейтіп, жеке  тұрғын үй құрылыстарын алған жер  телімдерін кезектілік  тәртібімен беру, сондай-ақ, көзделген  аумақтарды мемлекет меншігінге қайтару  жұмыстарын жеделдету мәселелерін зерделеді.  Сонымен қатар  аудан басшысы Ернар Серікәліұлы Құлан ауылындағы қос  бірдей кәріз  жүйелерін өз көзімен көріп,   бүгінгі жай-күйімен танысты. Ондағы экологиялық мәселелерді  жан-жақты қарастырып, оларды заңды санитарлы талаптарға сәйкестендіру, аумағын абаттандырып, тал-дарақ   отырғызу және талаптарға сай келтіру бойынша  шараларды пысықтады.  Одан бөлек, аудан басшысы аралау соңында  Құлан және  Көкдөнен  ауылдық округтерінің   тұрғындарына ортақ  қызмет көрсететін жаңадан бекітілген қоқыс полигонының орнын да зерделеп шықты.

 Жәнібек Базылбек.

Поделиться ссылкой: