Тазалық – мәдениеттің айнасы

100 Views

Тазалық – мәдениеттің айнасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  бастамасымен басталған «Таза Қазақстан»  акциясы аясында  сәрсенбі күні  аудандық орталық саябақта сенбілік жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке аудандық мекемелерден, бөлімдерден 500-ге жуық  адам қатысты.

Тазалық шарасына  аудан әкімі Ернар Есіркепов бастамашы болып, мемлекеттік қызметкерлер мен сала мамандарын бастап шықты. Сенбілікке жиналған  көпшілік  ортақ іске жұмыла кірісіп, аудан  орталығындағы  саябақтың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты. Сенбілік барысында  саябақ аумағындағы тал-дарақтар  ретке келтіріліп, түбі  әктелді. Сонымен қатар жапырақтар мен тұрмыстық қалдықтар  жиналып, саябақ іші  толықтай қоқыстан арылды. Жаяу жүргіншілер жолдары сыпырылып,  балалар ойын алаңы мен спорт  алаңшасы да сырланды. Демалыс орындары да назардан тыс қалмады. Тазалық жұмыстарының сапалы әрі уақтылы орындалуы  үшін   арнайы техникалар жұмылдырылып, жиналған қоқыстар дер кезінде шығарылды.   Бұл өз кезегінде  жұмыстың қарқынын  арттырып, сенбіліктің тиімді өтуіне өз ықпалын тигізді.

Бірлік пен ұйымшылдықтың үлгісін  көрсеткен бұл  шара  аудан тұрғындарына үлгі  болары анық. Біздің мақсат –  мұндай маңызды істерге тек әкімдікке қарасты мекемелердің қызметкерлерін  ғана емес, аудан тұрғындарында тарту әрі  шақыру. Айналаны таза  ұстау – баршамызға ортақ іс. Өзімізден қалған қалдықты  қоқыс жәшігіне тастау – коммуналдық қызмет мамандары үшін   үлкен  көмек екенін біле жүріңіз.

 Жәнібек Сұлтан.

Поделиться ссылкой: