70-тен астам шырша ағашы егілді

88 Views

70-тен астам шырша ағашы егілді

Өздеріңіз білесіздер, 14 наурыздан бастап, өңірде Наурызнама онкүндігі тойлануда. 19 наурыз – Жаңару күні деп белгіленген. Кеше, яғни Жанару күнінде Жібек жолы көшесінің бойына, атап айтсақ, аудандық Орталық мешіт маңындағы жерлерге шырша ағаштары егілді.

Іс-шараға аудан әкімі Ернар Есіркепов, аудан әкімінің орынбасары Бақкелді Тұрсынбек, аудан әкімі аппаратының басшысы Бауыржан Нұрғалиев, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Тлепов, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Бейсенбек Әлпейісов, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, аудандық билер кеңесінің төрағасы Серік Сәлімбаев, аудандық Қоғамдық кеңес мүшесі Мұратхан Шүкеев, Құлан ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Берік Әліпбаев бастап, Райзо Шәділбеков қостаған бір топ осы ауылдың зиялы ақсақалдары, аудандық мәслихаттың депутаттары, ауданның бас имамы, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері және ерікті жастар қатысып, туған өлкенің көкеюіне өз үлестерін қосты.

Алдағы уақытта осы отырғызылған жас көшеттер тамырын тереңге жайып, туған өлкеміздің ажарын жақсартып, жасыл желекке айналмақ. Айта кетейік, бұл күні 70-тен астам шырша ағашы егілді.      

 «Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: