Бірқатар мәселелер сараланды
Бірқатар мәселелер сараланды
Жақында аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Бейсенбек Әлпейісовтің төрағалығымен өткен жиынның күн тәртібінде Тұрар Рысқұлов ауданының елді мекендерінің шекараларын белгілеу және өзгерту, ауылшаруашылығы мақсатындағы бос жер телімдерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесіне қорытынды беру, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы 2025 жылдың 12 айында атқарған жұмыстар, Тұрар Рысқұлов ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарына енгізілген өзгерістерді бекіту үшін, сондай-ақ, 2026 жылға арналған аудандық және ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу, ауданда бұқаралық спортты дамыту, балалар мен жасөспірімдерді спортқа баулу бағытында аудан әкімдігі денешынықтыру және спорт бөлімінің 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы тыңдалып, қаралды. Әрбір күн тәртібінде белгіленген тақырып бойынша баяндама жасалды. Бұл отырыста тек баяндамалар тыңдалып қойған жоқ, сұрақтар қойылып, ұсыныстар да айтылды. Әрбір қойылған сауалдар мен ұсыныстар ескеріліп, хаттамалық тапсырмаға енгізілді.
«Құлан таңы» ақпарат.
