23 маусым – Қазақстан полициясы күні
46 ViewsАудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы, полиция капитаны Гүлжан Ниязқұлова біздің газетке мақалалар жазып тұрады. Әрдайым еселі еңбек етіп, халыққа қалтқысыз…
Ауданда бірлік күні аталып өтті
Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің алдында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мерекелік кеш өтті. Думанға толы шараны аудан әкімінің міндетін атқарушы Ерғазы Еспенов, аудандық ардагерлер және билер кеңестерінің мүшелері мен аудан тұрғындары тамашалады.
Алдымен келушілер алаңдағы қолөнер көрмесін тамашалап, дастарханға қойылған әр этностың ұлттық тағамдарынан дәм татты.
Шарада аудан әкімінің міндетін атқарушы Ерғазы Еспенов құттықтау сөз сөйлеп, бейбітшілік пен тұрақтылықтың нығая беруіне тілектестігін білдірді. Сонымен қатар ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар аудан азаматтарын марапаттады.
Шара барысында аудандық мәдениет үйінің әншілері, «Әдемі-ау» халықтық бишілер тобы және мектеп ұжымдары дайындаған концерттік бағдарламалар тұрғындар назарына ұсынылды.
«Құлан медиа» ақпарат.