Өмірден ерте кеткен ер Ертай…
21 ViewsЖауын Ертай Ернарұлы. Бұл есімді менің білгеніме 2-3 жылдың жүзі болды. Ертайдың өмірі қысқа болды. Ол әрине ауырып сыздаған жоқ. Мектепте де үздік оқушылардың…
САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ НАЗАРЫНА!
«Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, Т.Рысқұлов аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 25 желтоқсандағы «Учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерін сайлау туралы» №15-10 шешімімен сайланған №362 учаскелік сайлау комиссиясының 1 мүшесі өз еркімен мерзімінен бұрын комиссия мүшелігінен шығып кетуіне байланысты сайлау комиссияларына бір орынға бір кандидаттан өз кандидатураларыңызды ұсынуларыңызды сұраймыз.
Сіздер өз тараптарыңыздан 2026 жылдың мамыр айының 19-на дейін жоғарыдағы аталған сайлау комиссияларына өз кандидаттарыңыздың тізімі мен қажетті құжаттарын ұсына аласыздар. Атап айтқанда:
1.Кандидатты тиісті сайлау комиссиясының құрамына ұсыну туралы саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің органдары отырысының хаттамасынан үзінді.
2.Саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестіктерінің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарына тіркелгендігі туралы құжаттардың көшірмесін.
3.Кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші қоса жіберіледі.
Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты аппаратының мекенжайы: Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі № 75. Байланыс телефондары 2-12-23, 2-12-76. Электрондық пошта: E-mail: masl.t.ryskulova@mail.ru.
Аудандық мәслихат аппараты.