Мықты мұғалім әрқашан мектептің тірегі
36 ViewsБарлық балада талап бар. Яғни, оқушының бәрі бірдей. «Жаман оқитын, я оқымайтын» деп бөлуге болмайды біздіңше. Оқушы оқымаса, жауапты оқыта алмайтын мұғалім өзінен іздеуі…
Қос қарияға құрмет көрсетті
Аудан әкімі Ернар Есіркепов пен аудандық мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліпов 9 мамыр күні 96 жастағы Жалпақсаз ауылының тұрғыны, тыл ардагері Түзел Рақышев ақсақалдың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.
Түзел Рақышев ақсақал 1930 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келген. Ол Ұлы Отан соғысы жылдарында еңбекке араласып, жеңіс жолында аянбай еңбек еткен тыл ардагері. Ақсақалдың өмірлік жары Күлсағат Рақышева 1936 жылдың 1 қаңтарында туған. Күлсағат апа биыл 90 жасқа толды. Кейіпкерлеріміз 4 ұл, 4 қызды тәрбиелеп өсірген. Бүгінде ұл-қыздарынан 29 немере, 42 шөбере сүйіп отырған қос қария әрдайым елдің тыныштығын тілеп, жастарға батасын беріп отырады.
Ізгі лебізін білдіріп, мерекемен арнайы құттықтап келген аудан басшысы мен аудандық мәслихат төрағасына Түзел ақсақал мен Күлсағат апа ақ батасын беріп, жұмыстарына табыс, бақ-береке тіледі.
Марат Диханбай.