Мықты мұғалім әрқашан мектептің тірегі
36 ViewsБарлық балада талап бар. Яғни, оқушының бәрі бірдей. «Жаман оқитын, я оқымайтын» деп бөлуге болмайды біздіңше. Оқушы оқымаса, жауапты оқыта алмайтын мұғалім өзінен іздеуі…
Соңғы кездері ауа райының өзгеруіне байланысты аудан аумағында, әсіресе таулы аймақтарда жауын-шашын көбейіп, каналдардағы, арық-атыздардағы су деңгейі артып келеді.
Бұл табиғи құбылыс вегетациялық кезең үшін қолайлы болғанымен, елді мекендердегі қауіпсіздік шараларын күшейтуді талап етеді. Аулалар мен әлеуметтік нысандар аумағын су басудың алдын алу, көшелерде көлбеу су ағынының пайда болдырмау – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі.
Осыған орай аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен арнайы жиын өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, тиісті бөлім мен мекеме басшылары қатысып, су тасқынының алдын алу, арық-атыздар мен су өткізу жүйелерін тазалау, қауіпті аймақтардағы жағдайды тұрақты бақылауда ұстау мәселелері талқыланды.
Аудан әкімі жауапты тұлғаларға елді мекендердегі ирригациялық жүйелердің қалыпты жұмысын қамтамасыз етіп, алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар тұрғындардың қауіпсіздігі әрдайым басты назарда болуы керектігін атап өтті.
Жәнібек Базылбек.