Мықты мұғалім әрқашан мектептің тірегі
34 ViewsБарлық балада талап бар. Яғни, оқушының бәрі бірдей. «Жаман оқитын, я оқымайтын» деп бөлуге болмайды біздіңше. Оқушы оқымаса, жауапты оқыта алмайтын мұғалім өзінен іздеуі…
Туы желбіреген елдің өмірі мен
тіршілігі бар. Бейбітшілік те, даму
да, мақтаныш та бәрі осы қасиетті
рәмізбен тығыз байланысты. Ел болып
бірлікпен жиналып, мереке атап өтіп,
заңды құрметтеп, бір-бірін сыйлаған
сайын Көк Туымыздың да қадірі арта
түседі. Тәуелсіздіктің отыз жылдан
астам уақытында біз көк байрақтың
астында жаңа қалалар тұрғызып, ғылым
мен өнерді дамытып, халықаралық
аренада еліміздің атын таныттық. Ендігі
міндет осы жетістіктерді сақтап, оны
келешек ұрпаққа аманат ету.
Менің Туым – кешегінің тарихы,
бүгінгінің куәсі, ертеңнің үміті. Ол
аспанда желбіреп тұрғанда, мен де
өз елімнің абыройын биік ұстауға
тырысамын. Ол менен ештеңе талап
етпейді, тек өз тамырымды, кім екенімді
ұмытпауымды еске салады. Туды құрметтеу – тек мерекелік күндермен шектелмейді, ол әр адамның
жүрегінде күн сайын сезілуі тиіс.
Жұлдызай ҚОЖАБЕРГЕНОВА,
М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің конвергентті журналистика
мамандығының 3 курс студенті.