Хан Абылайдың ерлігі дәріптелді

22 Views

Жақында Қарақат
ауылдық кітапханасының
ұйымдастыруымен қазақ
халқының біртуар перзенті,
мемлекет қайраткері,
қолбасшы және дипломат
Абылай ханның 315
жылдығына арналған
«Абылай хан – үш жүздің
тұтастығы» атты тарихи-
танымдық панорама өтті.

Іс-шараның мақсаты – ұлы ханның
тарихи тұлғасын дәріптеу, оның ел
бірлігі мен тәуелсіздігі жолындағы
еңбегін жас ұрпаққа насихаттау,
ұлттық рух пен патриоттық сезімді
қалыптастыру. Кеш «Қазақ» биімен
ашылып, Абылай ханның өмірі
мен қызметіне арналған мазмұнды
баяндамалар оқылды. Сонымен
қатар қатысушылар назарына тарихи
бейнеролик ұсынылып, «Сабалақтан Абылай ханға дейін» атты сахналық
көрініс қойылды. Іс-шара барысында
«Сүгірдің термесі» орындалып, ұлттық
өнеріміздің інжу-маржаны «Адай»
күйі тартылды. Кітапхананың тұрақты
оқырмандары Абылай ханға арналған
жыр шумақтарын оқып, көрермендерге
ерекше әсер сыйлады. Сондай-ақ,
«Абылай хан» термесі орындалып,
кештің мазмұнын тереңдете түсті. Тарих қойнауында өшпес із
қалдырған Абылай ханның ерлігі
мен даналығы – бүгінгі Тәуелсіз
Қазақстанның рухани негіздерінің
бірі. Ұлы тұлғаның өнегелі өмірі мен
елге сіңірген еңбегі келешек ұрпаққа
әрдайым үлгі бола бермек.
Г.ЖАРҚЫНБАЕВА,
Қарақат ауылдық
кітапханасының кітапханашысы.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий