КӨКДӨНЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ ҮМІТКЕР РЫСБАЕВ МАНСҰР ЯРАХМЕТҰЛЫНЫҢ ӨМІРБАЯНЫ МЕН САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

33 Views

Рысбаев Мансұр Ярахметұлы 1976 жылдың
18 наурызында дүниеге келген. Ақыртөбе орта
мектебінде білім алып, 1994 жылы Жамбыл
зоотехникалық малдәрігерлік техникумына оқуға
түсіп, осы оқу ордасын «Ауылшаруашылығындағы
бухгалтерлік есеп, талдау және бақылау»
мамандығы бойынша бітірген. Жалпы еңбек
өтілі – 26 жыл. Ал мемлекеттік қызметтегі жұмыс
өтілі – 12 жылдан асады. Қазіргі таңда «Ақыртөбе
ауылдық округі әкімі аппараты» КММ-сінде бас
маман қызметін атқарып келеді. Отбасылы. 3 бала
тәрбиелеп отыр.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті Көкдөнен ауылдық округінің
тұрғындары! Мен де өзін-өзі ұсыну тәртібімен
13 қыркүйекте өтетін Көкдөнен ауылдық округі
әкімінің сайлауына өзімнің кандидатурамды
ұсынып отырмын. Менің басты мақсатым –
Көкдөнен ауылдық округінің әлеуметтік-
экономикалық дамуына үлес қосу, ауыл
тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту
және халықтың өзекті мәселелерін бірлесе, яғни
өздеріңізбен ақылдаса отырып, түрлі мәселелердің
шешілуіне жұмыс жасау.
Негізгі бағыттарым:
1. Ауылдың тазалығы мен абаттандырылуы.
Көкдөнен ауылдық округінің санитарлық жағдайын
жақсартып, көшелерді тазалау, көгалдандыру және
абаттандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлмек
ниеттемін.
2. Жол және көше жарығы. Әрине қазіргі таңда
көптеген ауылдарда көшелерге асфальт төселген.
Бұл ауылдағы көшелердің басым бөлігінде солай.
Алайда көше жарықшамын орнату мәселесін көп
жағдайда тұрғындар айтып жатады. Көшелерді
жарықтандыру мәселелерін мен барынша шешуге
күш саламын.
3. Ауыз су мәселесі.Тұрғындарды сапалы
ауыз сумен қамтамасыз етуге және су жүйелеріне
қатысты мәселелерді шешуге тиісті мекемелермен
бірлесіп жұмыс жүргіземін.
4. Жастарға қолдау көрсету. Ауыл жастарының
спортпен айналысуына, олардың бос уақытын
тиімді өткізуіне және қоғамдық жұмыстарға
белсенді араласуына жағдай жасауға ықпал етемін.
5. Әлеуметтік мәселелерді шешу. Көпбалалы
отбасыларға, қарттарға және әлеуметтік тұрғыдан
осал тұрғындарға көрсетілетін қолдаудың тиімді
болуына назар аударамын.
6. Ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті
дамыту. Ауыл тұрғындарының кәсіппен және ауыл
шаруашылығымен айналысуына қолдау көрсетіп,
мемлекеттік бағдарламалар мен мүмкіндіктер
туралы ақпараттың қолжетімді болуына ықпал
етемін.
Құрметті Көкдөнен ауылдық округінің
тұрғындары! Мен үшін ең бастысы – халықтың
сенімі, ауылдың бірлігі және осы ауылдық
округтің жарқын болашағы. Егер сіздер маған
сенім білдірсеңіздер, ауылымыздың дамуы мен
тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жолында бар
күш-жігерімді жұмсайтын боламын.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий