КӨКДӨНЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ ҮМІТКЕР АЙТБАЕВ БАХТИЯР ЖАМБЫЛҰЛЫНЫҢ ӨМІРБАЯНЫ МЕН САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

42 Views

Айтбаев Бахтияр Жамбылұлы 1992
жылдың 21 наурызында Т.Рысқұлов ауданы,
Көгершін ауылында дүниеге келген. 2010
жылы Тараз қаласындағы Тараз Мемлекеттік
университетінің «Аграрлық техника және
технология» мамандығына оқуға түсіп,
аталмыш оқу ордасын 2014 жылы тәмамдаған.
Еңбек жолын 2015 жылы Т.Рысқұлов аудандық
«Халыққа қызмет көрсету орталығында» жетекші
маман болып бастаған.
2021 жылдан бастап, Т.Рысқұлов ауданының
«Көгершін ауылдық округі әкімі аппараты»
КММ-сінде бас маман болып жұмыс атқарады.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті Көкдөнен ауылдық округінің
тұрғындары! Мен, Айтбаев Бахтияр Жамбылұлы
13 қыркүйекке тағайындалған Көкдөнен
ауылдық округі әкімінің лауазымына өзін-
өзі ұсыну тәртібімен сайлауға түсіп отырмын.
Әрине Көкдөнен ауылдық округінің тұрғындары
бірлігі бекем, ауызбіршілігі жарасқан ауылдық
округ екенін білемін. Бұл ауылдық округте
көп мәселенің түйіндері шешілгенін де жақсы
білемін. Ата-бабамыздан «Жас келсе – іске!»
деген сөз қалған ғой. Мемлекеттік қызметте
еңбек ете жүріп, ысылдық, көп жайттың байыбын
түсіндік. Сол себепті, нар тәуекел деп, ауылдық
округ әкімінің сайлауына белді бекем буып,
өзімнің сайлауалды бағдарламамды ұсынып
отырмын.
КӨКДӨНЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ ҮМІТКЕР
АЙТБАЕВ БАХТИЯР ЖАМБЫЛҰЛЫНЫҢ ӨМІРБАЯНЫ
МЕН САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі
бағыттары:
Адамның басты капиталы – білім. Қазіргі
заманды көріп отырсыздар. Тағы да ата-
бабаларымыз айтқан «Білекті бірді, білімді мыңды
жығады» деген сөздің төркіні шығар күндей
шындыққа айналды. Осы тұрғыдан алғанда
ауылдық округтегі білім беру ұйымдарымен
үнемі байланыста болып, оқушылардың
түрлі деңгейдегі байқауларға қатысуларына
барынша қолдау көрсету – менің сайлауалды
бағдарламамның негізгі өзегі болмақ. Біз осы
күні көп нәрсеге шүкіршілік деуіміз керек. 2000-
шы жылдары біз бала болдық. Сол кезеңдерде де
біраз қиындықтардың шет жағасын өз көзімізбен
көрдік. Сондықтан қазір көп нәрсеге шүкір дейтін
себебіміз сол. Өзімнің сайлауалды бағдарламамда
ауылдық округтегі аз қамтылған, көпбалалы
отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды
назардан тыс қалдырмай оларға да қамқорлық
жасауды негізгі атрибуттардың біріне балап
отырмын. Қазір мемлекет тарапынан жасалып
жатқан түрлі қолдаулар бар. Өкінішке орай,
көпшілік тұрғындар ол жайында біле бермейді.
Осы мәселеге де ден қойып, халықты нәтижелі
жұмыспен қамту мақсатында тұрғындарды
жеңілдетілген несиелер алып, өз кәсібін ашып,
жұмыс жасауға заңды тұрғыда көмектер
көрсетуді де қарастыратын боламын. Мемлекет
басшысының «Таза Қазақстан» акциясын қос
қолдап қолдайтын азаматтың бірімін. «Таза
Қазақстан» деген – тек сенбілік жасап, тазалықтың
өлшеміне айналған ұран емес. Ол – елдің,
халықтың мүддесіне адал жұмыс жасау деген
сөз. Бұл ұғым жұмыстағы менің басты миссиям
десем де болады. Одан бөлек кәсіпкерлер, шаруа
қожалықтарымен тығыз байланыста болып,
ауылдың мәдени, қоғамдық жұмыстарына
сол азаматтарды да белсенді араласуларын
ұйымдасдастырып, ауыл жастарының спортпен
шұғылданып, түрлі жарыстарға қатысуларына
барынша қолдау көрсетуге тырысамын.
Егерде ауылдық округ әкіміне сайланатын
болсам, осы кезеңге дейінгі алған білімімді
және өмірден жинақтаған іс-тәжірибемді округ
тұрғындарының әл-ауқатын, тұрмыс-тіршілігін
жақсартуға жұмсамақ ниеттемін. 13 қыркүйекте
өтетін Көкдөнен ауылдық округі әкімінің
сайлауында мені қолдайсыздар деп сенемін.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий