Өмірден түйгенім БАЙЛЫҚ

1 440 Views

Өмірден түйгенім БАЙЛЫҚ

Байлық дегеніміз не осы? Көп ойландым. «Байлығым балам» деп білетін бір адамды білемін. Бар тапқанын балаларына жұмсап, оқытып жүр. «Осылар адам болса, қатарынан қалмаса» деген тілекпен тіршілігін жасап келеді. Ұрпақ тәрбиесіне ұқыпты.  М ы ң ғ ы р ғ а н малы бар тағы бір жанды жақсы танимын. Өмірі малдың соңында ө т у д е . Т і р н е к т е п  жиғанын тіршілігіне жаратуға қимайды. Әйтеуір, жинап жатыр. Күндіз қой бағады, түнде күзетеді. Ұл-қызына қарауға уақыты тапшы. Бұл өмірде мәңгілік ешкім жоқ. Қамшының сабындай қысқа ғұмыр көзді ашып жұмғанша өте шығады. Соңыңда қалған салихалы ұрпағың өміріңді жалғаса, мыңғырған мал садақаға сойылар сойысқа ғана жарайды. Екі тағдыр, екі көзқарас. Өмір – таразы…  

Мереке Ержанұлы.

Поделиться ссылкой: