ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – АДАМГЕРШІЛІКТІҢ АЙҚЫН КӨРІНІСІ

12 Views

Қайырымдылық – қоғамдағы өзара жанашырлық пен
ізгіліктің жарқын үлгісі. Осындай игі істің бірі ретінде
Рахманәлі Әбдіқадыров басқарып отырған «Құлан­Дән»
несие серіктестігі басқармасының ұжымы әлеуметтік
қолдауды қажет ететін азаматқа көмек көрсетті.
«Құлан­Дән» несие серіктестігі басқармасы
тарапынан Көкдөнен ауылының тұрғыны, I топтағы
мүгедек жан Кәдірханова Меруерт Қайратқызына
арнайы мүгедектерге арналған медициналық төсек
сыйға тартылды. Бұл көмек күтімді жеңілдетіп, оның
тұрмыс сапасын жақсартуға үлкен септігін тигізеді.
Осындай қайырымды іске ұйытқы болған «Құлан­
Дән» несие серіктестігі басқармасының ұжымына
алғысымызды білдіреміз. Ел игілігі жолындағы игі
бастамалары жалғасын тауып, жақсылық жасау дәстүрі
кеңінен өріс ала берсін!
Кәрбоз АҒЫБАЕВ,
Көкдөнен ауылдық ақсақалдар кеңесінің
төрағасы.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий