АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

843 Views

АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

 Үстіміздегі жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толады. Жат жерде қан төгіп, жан берген жауынгерлерге қанша құрмет көрсетілсе де аздық етпейтіндігі айдан анық.

Бүгінде Құлан ауылдық округінде ауған соғысына қатысқан 23 интернационалист жауынгердің отбасы тұрады. Оларға жыл сайын тиісті деңгейде көңіл бөлініп, құрмет көрсетіліп келеді. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып жүрген ілкімді іс-шара биыл да өз жалғасын тапты. Округ әкімінің міндетін уақытша атқарып жүрген Мұрат Жайлыбаевтың бастауымен құрылған топ ауған соғысы ардагерлерін шақырып, алғыс айтты. Нұрлан Тастанбеков, Гүлзада Нишанова, Сабит Сұлтанұлы, Сапаржан Абдиманов сынды жомарт азаматтардың демеушілігімен ардагерлерге сый-сияпат көрсетілді. Құрметке бөленген қаһарман жандардың қатарында Қылышбек Төрегелдиев, Рафаэль Қыранбаев, Николай Шашков, Сайлаубек Қынатов есімді жауынгерлер бар.

Қазақ ертеден «жетімін жылатпай, жесіріне қамқор болған» текті елдің ұрпағы. Шарапты мол іс-шара барысында осы күнге жете алмаған батыр ұлдардың отбасыларына да құрмет көрсетілді. Атап айтқанда, Жанна Сатышева, Жібек Жайлаубекова, Тазакүл Омарова сынды жауынгерлердің жарларына жомарт жандардың дайындаған сыйлықтары табыс етілді.

Айта кету керек, алдағы уақытта ауған асуында от кешкен жандарға арналған дәл осындай бастамалар өз жалғасын табатын болады.

Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ

Поделиться ссылкой: