774 Views
Партияның кезектен тыс конференциясы өтті
Кеше Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы Тұрар Рысқұлов аудандық филиалының кезектен тыс ХХІV конференциясы өтті. «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы аясында өткен конференцияға партия аудандық филиалының төрағасы Асқар Қырықбаев, партия Жамбыл облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, облыстық мәслихаттың депутаты Гүлдара Нұрымова және партия аудандық филиалы Саяси кеңесі мен Бюро мүшелері, аудан әкімдігі, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Конференцияны партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанатбек Арыстанбеков ашып, жүргізіп отырды.
Күн тәртібіне Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын іске асыру барысы мен «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі Бағдарламасы жобасының негізгі ережелерін талқылау, сонымен қатар партия Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс ХХІV конференциясына делегаттар сайлау мәселелері қойылды. Аудан әкімі, партия
аудандық филиалының төрағасы Асқар Санатұлы өз баяндамасында Мемлекет басшысының Жолдауында міндеттелген тапсырмаларға байланысты аудан аумағында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Ал филиал төрағасының бірінші орынбасары Қанатбек Арыстанбеков «Нұр Отан» партиясының 20 жылдағы жүріп өткен жолы мен партияның 2030 жылға дейінгі бағдарлама жобасының маңыздылығын сөз етті. Сонымен
қатар, делегат, «Каменка» бастауыш партия ұйымының төрағасы Мұратжан Мейманханов, делегат, «Көкдөнен» бастауыш партия ұйымының төрайымы Айгүл Қасеналиева, аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Сәрсехандар жарыссөзге шығып, ой-пікірлерін ортаға салды. Келесі кезекте «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, облыстық мәслихаттың депутаты
Гүлдара Нұрымова (суретте) да сөз алып, партия тарапынан облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды жеткізді.
Конференция соңында «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс ХХІV конференциясына делегаттар сайланды.
Мереке ЕРЖАНҰЛЫ.
Поделиться ссылкой: