ҚАРАСОРАҒА қарсы күрес жүргізілді
8 ViewsБүгінде аудан аумағында «Қарасора – 2026» жедел- профилактикалық іс-шарасы аясында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өткен аптада осыған сәйкес аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі…
«KITAP TIME – 2026» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КІТАП ФЕСТИВАЛІ АЯСЫНДА АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ КІТАПХАНАСЫНДА «КІТАП – РУХАНИЯТТЫҢ ТҰҒЫРЫ, БОЛАШАҚТЫҢ БАҒДАРЫ» АТТЫ BOOK DAY МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ.
Шараның негізгі мақсаты – кітап оқуды насихаттау, жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және кітапхананың оқырман өміріндегі маңызын көрсету. Мерекелік шара барысында кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапхана қорындағы таңдаулы әдебиеттер оқырман назарына ұсынылды. Сонымен қатар кітапхананың жас оқырмандары сүйікті ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқып, поэзия әлеміне саяхат жасады.
Кітап – өткеннің өсиетін бүгінге жеткізетін алтын көпір. Адамның ойына ой қосып, жүрегіне жылу сыйлайтын рухани қазына. Осындай тағылымды шаралар арқылы оқырмандарды кітаппен жақындастыру, кітап оқудың мәдениетін қалыптастыру көзделді