ҚАРАСОРАҒА қарсы күрес жүргізілді
8 ViewsБүгінде аудан аумағында «Қарасора – 2026» жедел- профилактикалық іс-шарасы аясында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өткен аптада осыған сәйкес аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі…
ОТБАСЫ АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДА ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН КОЛЛЕДЖ БІЛІМГЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН «САЛАУАТТЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ.
Кездесудің негізгі мақсаты – жастарға салауатты қарым-қатынастың маңызын түсіндіру, өзара сыйластық, сенім, жауапкершілік және жеке шекараны құрметтеу құндылықтарын қалыптастыру.
Іс-шара барысында білімгерлермен өзара құрмет пен сенім, қарым-қатынастағы жауапкершілік, жеке шекараны сақтау, жанжалдарды бейбіт жолмен шешу және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланды.
Кездесуге АПБ ОТЗЗҚ инспекторы Айдана Қайратқызы, сондай-ақ, Отбасын қолдау орталығының заңгері және әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы қатысты.
Мамандар жастарға құқықтық және әлеуметтік тұрғыда маңызды ақпарат беріп, зорлық-зомбылықтың алдын алу, өз құқықтарын білу және қауіпсіз қарым-қатынас құру жөнінде кеңестерін айтты.
Салауатты қарым-қатынас – өзара құрмет пен түсіністіктен басталады.
Жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және зорлық-зомбылықтың алдын алу – қоғамның ортақ міндеті.
«Құлан медиа» ақпарат.