24 Views
Жамбыл облысының әкімі Ербол
Қарашөкеев «Тараз» индустриялық
аймағында салынып жатқан қуаты 45
МВт электр станциясының құрылыс
барысымен танысты.
Электр станциясы индустриялық аймақтың
инженерлік-көлік инфрақұрылымын қамтамасыз
ету мақсатында салынуда. Жаңа нысанның
электр қуатын жалпы инвестициялық құны
235,6 миллиард теңгені құрайтын 12 жобаға
беру жоспарланған. Жобаның мердігері –
«АСПМК-519» ЖШС. Қазіргі таңда құрылысмонтаж жұмыстарының 60 пайызы орындалған.
Қажетті электр жабдықтарының барлығы толық жеткізілді. Өңір басшысы құрылыс жұмыстарының
сапалы әрі жоба талаптарына сәйкес жүргізілуін
қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар
жұмысшылар санын арттырып, құрылыс қарқынын
жеделдету және нысанды белгіленген мерзімде
аяқтау жөнінде нақты міндеттер жүктеді. Электр
станциясын 2026 жылғы 15 желтоқсанға дейін
іске қосу жоспарланған. Айта кетейік, қазіргі таңда
«Тараз» индустриялық аймағында жалпы құны
303 миллиард теңгені құрайтын 31 инвестициялық
жоба жүзеге асырылуда. Жобаларды іске қосу
нәтижесінде 2 659 жаңа жұмыс орнын ашу
көзделген. Жалпы облыстағы индустриялық
аймақтардың инженерлік инфрақұрылыммен
қамтылған аумағы 276 гектарды құрайды. Оның
87,5 пайызы бүгінде игерілген.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ
БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Поделиться ссылкой: