ЖОСПАР ЖҮЙЕЛІ БОЛСА, ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛІ БОЛАДЫ

737 Views

ЖОСПАР ЖҮЙЕЛІ БОЛСА, ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛІ БОЛАДЫ

 

 А.ҚЫРЫҚБАЕВ,

Т.Рысқұлов ауданынын әкімі.

 2018 жыл – ел өміріндегі елеулі оқиғаға толы, тұрақтылық пен татулықтың жылы болды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы осы жылы халыққа екі рет Жолдау арнап, ел дамуының бағыт-бағдары мен сапалы өмір сүрудің тетіктерін анықтап, атқарушы билік өкілдеріне нақты тапсырмалар берді.

Болашақтың бағдарын айқындайтын «Рухани жаңғыру» жолындағы жұмыстар жалғасын тауып, Елбасының «Ұлы даланың» жеті қыры» атты тарихи мақаласы өмірімізге жол тартты.

Отбасылық құндылықтарды насихаттайтын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсында Қазақ ауылынан Ниязқұловтар отбасы Бас жүлдені иеленсе, «Шәушен» шаруа қожалығының басшысы, меценат Сайрамбай Дөненбаев «Қазақстанның Еңбек ері» атанып, ел мерейін үстем етті. Ауылшаруашылығы саласы облыста алдыңғы үздік үш ауданның қатарынан көрінді. Осылайша өткен жыл аудан үшін берекелі де табысты жыл болды.

Елбасының халыққа Жолдауын, одан туындаған міндеттер

 мен «5 институционалдық реформа: 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуін, «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы мен барлық салалық мемлекеттік бағдарламаларды басшылыққа ала отырып, 2018 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында айтарлықтай жұмыстар атқарылды.

Е л б а с ы Н . Ә . Н а з а р б а е в «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды. Аудан көлемінде де осы Жолдау міндеттеген тапсырмалар аясында ауқымды шаралар жоспарланып, мақсат-міндеттер белгіленді.

Аудан аграрлық аудан болғандықтан, биыл ауыл шаруашылығы саласын барынша дамытуға басымдық берілмек. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты қолдау бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады. Аудандағы 568698 гектар жайылымды Электронды порталға кіргізу жұмыстары толық аяқталып, елдімекендерде жайылым жерлер мәселесі қаралып, шаруалар ұсыныстары ескерілетін болады. Аудан бойынша төрт түлік малдың басын 104,0 пайызға, мал өнімдерін 105,0 пайызға арттыру межесі көзделуде.2019 жылы 5 ауылдық округте сүт және ет өнімдері бағытындағы 5 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін құру жоспарланды. Мүйізді ірі қараны түпкілікті бордақылау мақсатында 1000 бастан жоғары 2 мал бордақылау алаңы құрылып, сиыр еті шетелге экспортталатын болады.

Суармалы жерлер көлемін ұлғайту, ғылыми негізде агроөнеркәсіпті дамыту үшін Аграрлық Университетпен жұмысты жандандыру өз жалғасын таппақ. Аудан аймағында 15 ауылдық округте кем дегенде 15 ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрып, олар өздері өндірген сүттерін 2019 жылы іске қосылатын «Астана» шаруа қожалығының қуаттылығы тәулігіне 15 тонна сүтті қайта өңдеуге мүмкіндігі бар зауытқа өткізетін болады. Зауыт шикі сүт өнімдерінен, май, қаймақ, ірімшік, айран, құрт, иогурт сияқты сүт өнімдерін өндіреді. Суармалы егістікті ұлғайту мақсатында тозығы жеткен 18 каналдың 16 данасына күрделі жөндеу жүргізу үшін республикалық меншікке өткізілді. Биылғы жылы жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, 2020 жылдан бастап күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Қалған «Сарыбұлақ» және «Жарлысу» жер каналдарына аудандық бюджеттен 4,0 млн. теңге қарастырылып, жобалық-сметалық құжаттарын д а й ы н д а п , б и ы л ғ ы ж ы л ы механикаландырылған жасақ арқылы тазаланады, 162 гектар суармалы алқап қайта айналымға қосылады. Ауданд а ғ ы а у ы л ш а р у а ш ы л ы ғ ы техникалары паркін межеге сәйкес 7 пайызға жаңарту үшін 2019 жылы 45 дана ауыл шаруашылығы техникаларын алу бойынша шаруалармен жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасы бойынша тапсырмаға сәйкес 320 бас сиыр малын, 4870 бас қой малын сатып алу жоспарланды.Ауыл шаруашылығында ветеринария саласы маңызды рөл атқаратыны белгілі. 2019 жылы 11 ауылдық округте ветеринарлық пункттердің құрылысын жүргізу жоспарланса, 11 мал емдеу қоралары құрылысын жүргізу және қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша ұстау питомнигінің (тәлімбақ) ЖСҚ-ын дайындау жоспарланып отыр.

Жолдаудағы басым бағыттардың бірі-халықтың тұрмыс сапасын арттыру, тұрғын үйдің қолжетімділігі мен жайлы, қауіпсіз жағдайда өмір сүруді қамтамасыз ету. Ауданда өнеркәсіп пен құрылыс саласында да тың жобаларды енгізу бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

Луговой ауылының сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтау, Луговой ауылындағы І және ІІ кезеңдегі тұрғын алқаптары көшелеріне шағал тас жолын салу құрылысы сияқты тың жобалар бар. Құлан ауылындағы «Арай» тұрғын алқабына электр желісін салу жұмыстарын аяқтау, «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысы аясында «Т.Рысқұлов ауданы Луговой ауылындағы І және ІІ кезектегі тұрғын алқабына тас

 жолын салу» нысанына 2019 жылы мердігер «Айя-Сервис» ЖШС-і анықталып, сметалық құны-556420,0 мың теңгенің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Жалпақсаз ауылындағы 48 орындық мектептің құрылысын салу үшін 338 000,0 мың теңге бөлінген, құрылыс нысаны 2019 жылы толық аяқталады деп күтілуде, мердігері -«Құрылыс ТЭД» ЖШС-і.

Ауданда «7-20-25» бағдарламасы аясында облыс әкімінің қолдауымен 80 пәтерлік 2 үй құрылысын салу жоспары да бар. Тереңөзек-Шолаққайыңды автокөлік жолын (6 км 720м) орташа жөндеуден өткізуге 137 миллион қаржы қарастырылса, Қарақат ауылына кіре беріс автожолын (2км 150 м) орташа жөндеуге 42 миллион теңге қаржы қарастырылған. Құлан ауылы, Жібек жолы көшесінің автожолын орташа жөндеуге (3км 300 м) 209 миллион қаржы бөлінген. Ауылдық округтердегі елді мекендерде 23 көше жолын жөндеуге (22км 380м) 240 миллион 380 мың теңге қаржы жоспарланып отыр. Мемлекет басшысы жаңа жұмыс орындарын ашу, жаппай жұмысссыздықты жою, жастарды тұрақты жұмыспен қамту, әлсіз топ өкілдері мен мүгедек азаматтарды қолдау мәселелеріне ерекше көңіл бөлуде. Бұл шара ауданда жылдан-жылға өз шешімін тауып келеді. 2019 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, яғни, шартты ақшалай көмек алушылардың ішінде еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамтудың белсенді шарасына тарта отырып, жұмыспен қамту үлесін 21,0 пайызға жеткізу жоспарлануда. Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, өтініш түсуіне қарай мүгедектерге міндетті гигиеналық құралдар, кресло-арбалар, протез-ортопедиялық көмектер, тифлотехникалық құралдар, сурдотехникалық құралдар, санаторий-курорттық емдеуге жолдама беріліп, жүріп-тұруы қиын І топтағы мүгедектерге жеке көмекші қызметі, есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманы қызметі көрсетіледі. Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу жәрдемақысы бойынша 2019 жылға 80 балаға 4848,0 мың теңге жоспарланған. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының І бағыты аясында қысқа мерзімдік кәсіптік оқытуға 230 азаматты тарту, ІІ бағыты аясында аудан бойынша 60 азаматқа өз ісін ашуға шағын несие беру жоспарлануда. ІІІ бағыт бойынша ақылы қоғамдық жұмыстарға 225 азаматты, әлеуметтік жұмыс орындарына нысаналы топқа жататын 56 азаматты, жастар тәжірибесіне 82 азаматты жұмысқа жолдау жоспарлануда.

Білім саласы -қашан да қолдау мен қамқорлықты қажет ететін нәтижесі болашақта көрінетін үлкен сала. Ауданның білім саласын әлемдік стандарт талаптарына сәйкестендіру бағытында ауданда ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Биылғы жылы мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамтылған 3-6 жастағы балалар үлесін 100 пайызға, мектептерде оқу кабинеттерін интерактивті құрылғылармен қамтамасыз ету үлесін 100%-ға жеткізу, бір мектеп базасынан ІТ-сынып ашу жоспарлануда. Барлық қажетті инфрақұрылымдары бар балалар технопаркін ашу және «Бизнес-инкубатор» үйірмесін ашу қолға алынды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген маңызды шаралар өткізу жоспарланып отыр. Соның бірі- жас өлкетанушылардың «Өлкетану экспедициясын» құру, «Сарбаз» патриоттық клубтарын құру, «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында жұмыстар атқару, «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін түсіндіру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізу.

Қоғамда адам өмірі мен оның денсаулығы-басты назарда. Дені сау ұлт -мемлекеттің баға жетпес байлығы. Өткен жылы 4 ауылдық жерге медициналық нысан салынса, барлық талапқа сай 6 ауылда жаңа құрылыс нысандары мемлекеттік -жекеменшік серіктестік арқылы салынады деп күтілуде.

Емдеу мекемелерін толыққанды қағазсыз құжат алмастыру-цифрландыру мақсатында қосымша 25 компьютер қарастырылды, барлық емдеу мекемелері интернет желісіне көшірілді, келесі міндет интернет желісінің жылдамдығын көбейту жұмысы да өз шешімін табады.

Халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында әрі «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2019 жылы 7 ауылдан (Өрнек, Жарлысу, Ақбұлақ, Юбилейное, Луговой, Көгершін,Тереңөзек) «Цифрландырылған ақпараттық орталық» ашу жоспарланды.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жергілікті жерде ілгерілету аясында да біршама жұмыстар жоспарлануда. Жақсылық ауылынан демеушілер есебінен жастарға арналған «Спорт кешені» ғимаратын (Құны-50-60 млн.теңге) салу; Құлан ауылынан 3 гектар жерге әлеуметтік-жеке меншік әріптестік аясында жастарға арналған арнайы Демалыс орталығы мен кіші футбол, волейбол, баскетбол, шахмат ойыны алаңдары, «Жастар кафесі» демалыс орнын демеушілер көмегімен салу жоспарлануда.

«Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары аясында білім бөлімі жанынан «Жас өлкетанушылар» экспедициясын құру, «Өлкетану» үйірме-клуб жұмыстары арқылы аудандық тарихи-өлкетану музейімен, мәдениет және тілдерді дамыту, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, білім бөлімдерімен бірлесе жергілікті туризмді дамыту; «Т.Рысқұлов ауданының киелі жерлері» туристік маршрутымен өлке тарихын насихаттау; «Ауыл-ел бесігі» жобасына үлес қосу мақсатында демеушілер есебінен әр ауылдың «Өлке тарихы мен мәдени даму мұражайы» арнайы музейлерін жабдықтау қолға алынбақ. Бұл жұмыстың бәріне зор жауапкершілік пен белсенділік қажеттігін әр азамат сезінуі қажет.

Биыл Елбасы Н.Назарбаевтың тікелей бастамасымен 2019 жыл «Жастар жылы» болып жариялануы -баршаны қуантқаны шындық. Аудан жастарының әлеуетін арттыру бағытында ауқымды жұмыстар жоспарлануда.

«2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында «Жас талап» жас кәсіпкерлер мектебі құрылып, жеке кәсібін ашуға ниетті 87 жастың тізімі анықталды. Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының Т.Рысқұлов ауданындағы филиалымен жұмыстар басталды.

Ауданда «Волонтерлар тобы» құрылып, ерікті жастардың қолдауымен Құлан ауылынан «Әлеуметтік дүкен»  ашу жұмысы жолға қойылады.Онда азық-түлік, киім-кешек, тұрмысқа қажетті заттар еріктілер бастамасымен жиналып, ол мұқтаж жандарға тегін таратылатын болады. Негізгі мақсат-Елбасының Жастар жылының ашылу салтанаты аясында берген тапсырмасының бірі-жастар мен студенттерді тарта отырып, Еріктілер жұмысын жандандыру; қоғамдық көпшілік шараларға тарту; көмекті қажет ететін қоғам өкілдеріне-жалғызбасты қарттар мен мүгедек жандарға, аз қамтылған отбасыларына көмек көрсету.

Құлан ауылынан «Жастар саябағын» салу, Құлан ауылының кіре берісінен жастар демалатын «Махаббат аллеясы» арнайы жобасын жүзеге асыру шаралары қолға алынады. Ауылдық округтерде демеушілер мен меценаттар есебінен Жастар демалатын мәдени-көпшілік орындарды жабдықтау, «Футбол алаңдары» арнайы орнын жабдықтау, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына орай демеушілер мен ірі кәсіпкерлер есебінен «Ат спорты» ойындары алаңын жасақтау жоспарланды. Құлан аграрлық колледжінің ескірген оқу-өндірістік базасын қалпына келтіріп, жастарды ауылшаруашылығы саласына, бизнеске бейімдеу бойынша жоспарлы жұмыс-500 бас қой, 200 бас ірі қара өсіріп, «Мал бордақылау алаңын» құру қолға алынып, бұл жұмысқа студент жастар, ниет білдірген жас азаматтарды тарту жоспарланды.Құрылыс жұмыстарына «Студент жастар отряды» мүшелері тартылмақ.

Өңір экономикасы мен әлеуетін арттыруда жоба көп, идеялар да тың, оны орындау-алдағы күннің еншісі. Жолдаудағы басымдыққа ие болған бағыттар өлкеміздің өркендеп, болашақтың бүгінгі күннен де нұрлы болуына жол ашатыны анық. Халықтың табысы мен тұрмыс сапасын жақсарту арқылы ел әлеуетін арттыру жолындағы жұмыстарымыз нәтижелелі болады деген сенім бар.

Поделиться ссылкой: