Аудан әкімінің қорытынды есебі

1 231 Views

Атқарылған жұмыстар ауқымды

Кеше аудан әкімі Асқар Қырықбаев аудандық мәдениет үйінде өзінің халық алдындағы қорытынды есебін өткізді. Облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев, аудандық мәслихат  депутаттары, Қоғамдық кеңес, ардагерлер Кеңесінің мүшелері, құқық қорғау органдары мен аудан әкімдігінің бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, қоғамдық ұйымдар, жастар өкілдері, ә л е у м е т т і к с а л а мамандары және аудан тұрғындары қатысқан есеп беру кездесуі кезінде Асқар Санатұлы өткен жылы атқарылған ауқымды жұмыстарды жан-ж а қ т ы б а я н д а п берді. Баяндамадан бір жылдық белесте а з ж ұ м ы с а т қ а рылмағаны аңғарылады. Десек те, атқарылған және алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстардың ішінде Құлан ауылының орталық көше жолы қайта жөндеуден өтіп, кеңейіп жатқаны, «7-20-25» бағдарламасы аясында облыс әкімінің қолдауымен 80 пәтерлік 2 үй құрылысын салу жоспары, Луговой ауылының сумен жабдықтау жүйесі, Жалпақсаз ауылындағы 48 оқушыға бастауыш мектеп құрылысын аяқтау

 с е к і л д і б і р қ а т а р жұмыстарды халық жоғары бағалады. Б і з е с е п т і б а я н дамада ай тылғ ан жұмыстардың бірді-екілісін ғана сөз етіп отырмыз. Айта берсең өзегің талатын өзге де ауқымды ж ұ м ы с т а р д ы а у дан жұрты өз елдімекендерінде өткен аудан әкімінің есеп беру кездесулерінде тыңдады. Лайықты бағасын берді.

 Сол секілді аудан әкімінің баяндамасынан кейін жарыссөзге шыққан аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, «Шәушен» шаруа қожалығының басшысы, Қазақстанның Еңбек Ері Сайрамбай Дөненбаев, ауданның Құрметті азаматы Түзел Алагөзова, ауданның бірінші әкімі болған Сәбит Садықов, ауданның еңбек ардагері Ілімбек Бидайшиевтер де Асқар Санатұлының бір жылдық еңбегін оң бағалады. Ал, облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Әбілханұлы облыс пен аудан көлемінде атқарылған жұмыстарды ұштастыра отырып, алдағы уақыт еншісінде атқарылуы тиіс жұмыстарға тоқталды.

Мереке ЕРЖАНҰЛЫ.

 

 

Поделиться ссылкой: