Науқан барысының негізгі қағидаттары түсіндірілді
Кеше аудандық Мэлс Өзбеков атындағы
мәдениет үйінің «Рухани жаңғыру»
жобалық офисінде Тұрар Рысқұлов
аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысты Т.Рысқұлов аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек
Тлепов жүргізіп отырды. Ол өз сөзінде Қазақстан
Республикасы мәслихаттары депутаттарының
сайлау науқаны барысында кандидаттардың
құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, сайлауалды
үгіт жүргізу тәртібі мен заңдылықтарын, сондай-
ақ, кандидаттарды қаржыландыру мәселелеріне
кеңінен тоқталды. Ал аудандық аумақтық сайлау
комиссиясы төрағасының орынбасары Ералы
Әлібаев – «Қазақстан Республикасы мәслихаттары
депутаттарының сайлау науқанында тіркелген
кандидаттарды мемлекеттік және мемлекеттік емес
қаржыландыру шаралары туралы» тақырыбында
баяндама жасаса, Т.Рысқұлов аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Айбек Садық
— сайлау алдындағы үгіт жүргізудің тәртібі мен
заңдылығы туралы түсіндіріп, оябы бөлек мағлұмат
берді. Отырыс барысында аудандық мәслихат
депутаттығына тіркелген кандидаттар тарапынан
да ұсыныс-пікірлер айтылды.
Айым Нұрбекқызы.
