АГРОСАЛА – АУДАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ НЕГІЗІ
Т.Рысқұлов ауданында ауыл
шаруашылығы саласы қарқынды
дамып, шаруалар жердің берекесін
арттыру жолында еселі еңбек етуде.
Бүгінде егін шаруашылығында
заманауи технологияларды енгізу және
өнім көлемін ұлғайту – басты назарға
алынған.
Жақында аудан әкімі аграрлық саладағы
жұмыстардың барысымен танысу мақсатында
бірқатар шаруа қожалықтарын аралады. Солардың
бірі – «Тұлпар» шаруа қожалығы.
Шаруашылық биыл 15 гектар алқапқа қант
қызылшасын егіп, күзгі жиын-терімге дайындық
жұмыстарын жүргізуде. Алдағы уақытта жиналған
өнімді қант зауыттарына өткізуді жоспарлап отыр.
«Тұлпар» шаруа қожалығы мемлекеттік қолдау
тетіктерін де тиімді пайдаланып, жеңілдетілген
бағдарламалар арқылы қажетті ауыл шаруашы-
лығы техникаларын да сатып алған. Бүгінде бұл
техникалар қожалық тірлігіне белсенді түрде
қолданылуда.
Жалпы Т.Рысқұлов ауданында биыл қант
қызылшасын өсіруге 1000 гектардан астам жер
бөлініп, 12 шаруа қожалық аталған дақылмен
тікелей айналысуда. Биыл аталмыш алқаптардан
мол өнім жинау жоспарланып отыр.
Жәнібек Базылбек.
