Сапалы білім – қуатты мемлекеттің негізі

14 Views

Мемлекет басшысының халыққа

арнаған Жолдауында білім саласына

айрықша басымдық берілуі – бұл жай

ғана кезекті реформа емес, бұл ұлт

болашағына деген жауапкершіліктің

нақты көрінісі. Білім сапасын

арттыру, ұстаз мәртебесін нығайту,

жас ұрпақтың заманауи білім алуына

жағдай жасау – еліміздің ертеңі үшін

маңызды міндеттер болып табылады.

Мемлекеттің қуаттылығы тек

оның табиғи ресурстарымен немесе

экономикалық көрсеткіштерімен

ғана емес, ең алдымен, оның адами

капиталымен, яғни азаматтарының

білім деңгейімен өлшенеді. Бүгінгі

жаһандану және технологиялық

п р о г р е с с з а м а н ы н д а « С а п а л ы

білім – қуатты мемлекеттің негізі!»

деген қағида әрбір елдің даму

стратегиясының өзегіне айналды. Кез

келген білім жүйесінің жүрегі де, тірегі

де – ұстаз. Білім сапасын арттырудың

ең төте жолы — мұғалімнің қоғамдағы

беделін көтеру және оның еңбегін

лайықты бағалау. «Әрбір ұстаздың

еңбегінің бағалануы – қоғам дамуының

басты өлшемдерінің бірі» екені даусыз.

Соңғы жылдары елімізде ұстаздардың

мәртебесін заңнамалық деңгейде бекіту,

олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту

бағытында үлкен жұмыстар атқарылуда.

Дегенмен, бұл тоқтаусыз жалғасатын

процесс. Ұстаз тек білім беруші ғана

емес, ол – тұлға қалыптастырушы,

жас ұрпақтың бойына адамгершілік

пен отансүйгіштік құндылықтарды

дарытатын тұлға.

Мемлекет басшысының Жолдауында

айқындалған міндеттерді сапалы әрі

жүйелі жүзеге асыру мұғалімдердің

біліктілігін арттыру, оларды артық

қағазбастылықтан арылтып, тек

шығармашылық және педагогикалық

ізденіске бағыттау – білім сапасын

жаңа деңгейге көтерудің алғышарты

болып табылады. Біз білім саласының

өкілдері, осы жолда аянбай еңбек етіп,

білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы қуатты

мемлекетіміздің іргетасын бекіте түсуге

міндеттіміз. Білімді ұрпақ – бәсекеге

қабілетті елдің кепілі!

Гүлмираш ҚЫРЫҚБАЕВА,

аудандық білім бөлімінің

әдістемелік

кабинет меңгерушісі.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий