Дәрігерлердің жалақысы 40 пайызға ұлғаяды

10 Views

Жақында Мемлекет басшысы

Қасым-Жомарт Кемелұлының «Жаңа

тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті

міндеттері» атты Қазақстан халқына

арнаған Жолдауын «Қазақстан» ұлттық

телеарнасынан міз бақпай көріп,

тұшынып тыңдадым десем болады.

Жаңа Жолдауда ел Президенті көптеген

ел мүддесіне қатысты толғамды

ойларын ортаға салды. Мемлекет

басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының

ел халқына арнаған жаңа Жолдауында

медицина саласына қатысты да көптеген

жағымды әрі ұсыныстар айтылды.

Соның бірі – дәрігерлердің жалақысы

40 пайызға ұлғаяды деген айшықты сөз.

Иә, рас мемлекет тарапынан

медицина саласына әрқашан жіті көңіл

бөлініп келеді. Соның бір айқын дәлелі

деп, біздің де орталық аурухананың

күрделі жөндеуден өтуін айтсақ болады.

Ұзақ жылдар бойы шешімін таппай

келген мәселе биыл іске асты. Алдағы

уақытта аудандық орталық аурухана

тұтастай күрделі жөндеуден өтеді.

Одан бөлек 3000 квадрат метрлік

емхана, сондай-ақ, жаңа қабылдау

бөлімі салынатын болады. Бұл аудан

халқы үшін де зор қуаныш. Бұған

дейін де дәрігерлердің жалақысы өскен

болатын. Енді тағы 40 пайызға өскелі

отыр. Бұл ақ халатты абзал жандар

үшін расында да жағымды жаңалық

екені сөзсіз. Өз басым осы тезисті

естігенде қатты қуандым. Өйткені

ұжым басқарып отырған басшы

ретінде де, мамандығыма адал дәрігер

ретінде де бұл салада жұмыс жасап

жатқан адамдардың еселі еңбектерін

жақсы білемін. Сондықтан бұл біз үшін

үлкен қолдау деп түсінемін.

Айман КЕНЖЕБЕКҚЫЗЫ, аудандық орталық  аурухананың

бас дәрігері.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий