АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркепов
тұрғындарды жеке мәселелері бойынша
қабылдады. Қабылдауға Құлан, Қорағаты,
Ақыртөбе, Қонаев, Қазақ және Тасшолақ
ауылдарынан азаматтар келіп, өздерін
толғандырған мәселелерін жеткізді.
Қабылдау барысында жекеменшік мектеп
ашу, жер телімі, тұрғын үй, ауыз сумен қамту,
газдандыру және жұмысқа орналасу мәселелері
көтерілді. Сонымен қатар еңбекақының заң
аясында төленуі, жол жөндеу, көше жарығын
орнату, жаяу жүргіншілер жолы, мектеп
ғимаратын жөндеу және мамандандырылған
спорт мектебін салуға қатысты өтініштер
айтылды.
Аудан басшысы әр азаматтың өтінішін
жеке тыңдап, жауапты сала басшыларымен
бірге шешу жолдарын талқылады.
Нәтижесінде бірқатар мәселе оң шешімін
тапты. Ал қосымша зерделеуді қажет ететін
өтініштер бойынша тиісті бөлім басшыларына
нақты тапсырмалар берілді.
Өз кезегінде аудан әкімі Ернар Серікәліұлы
тұрғындар көтерген мәселелердің назардан тыс
қалмайтынын айтып, жауапты мамандарға
олардың заң аясында шешілуін қамтамасыз
етуді тапсырды.
Ақжарқын ТОҚСАНБАЙ.
