КЕҢЕЙТІЛГЕН ӘКІМДІК МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

16 Views

Өткен аптада аудан
әкімі Ернар Есіркеповтің
төрағалығымен кеңейтілген әкімдік
мәжілісі өтті. Оған аудан әкімінің
орынбасарлары, бөлімдер мен мекеме
басшылары, сондай-ақ, ауылдық
округ әкімдері қатысты.

Жиында ауданның негізгі әлеуметтікэкономикалық даму көрсеткіштері мен
индикаторлық көрсеткіштердің орындалу барысы
қаралды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша
жауапты бөлім басшыларының есептері тыңдалып,
әр салада атқарылған жұмыстар мен қол жеткізілген
нәтижелер сараланды. Сонымен қатар межеленген
көрсеткіштерге қол жеткізе алмаған салаларға
ерекше назар аударылып, оның себептері мен орын
алған кемшіліктер талқыланды.
Аудан әкімі Ернар Есіркепов жауапты сала басшыларына көрсеткіштердің орындалуына
қатысты нақты тапсырмалар беріп, жұмысты  жүйелі түрде үйлестіруді тапсырды. Әсіресе  ауданның әлеуметтік-экономикалық даму
қарқынын бәсеңдетпеу, инвестиция тарту,
кәсіпкерлікті дамыту, ауыл шаруашылығы мен
өнеркәсіп салаларындағы көрсеткіштерді арттыру
бағытындағы жұмыстарды жандандыру қажеттігін
атап өтті. Сонымен қатар бөлшек сауда, жастарды
жұмыспен қамту, әлеуметтік төлемдер мен міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыру жұмыстарына
да ерекше назар аудару қажеттігін еске салды.
Сондай-ақ, әрбір бөлім мен ауылдық округ әкімдеріне өздеріне жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарап, жұмысты нақты нәтижеге бағыттау керектігін ескертті. Берілген
тапсырмалардың орындалуы тұрақты бақылауда
болатынын жеткізді. Жиын қорытындысында
жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар жүктеліп,
олардың орындалу мерзімдері белгіленді.

Жәнібек СҰЛТАН.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий