Аналар ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАЙДЫ

19 Views

Қазан айының 28-і күні ел халқына
арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі
Қазақстанның өзекті міндеттері» атты
Жолдауында Мемлекет басшысы
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
елдің алдағы даму басымдықтарын
айқындап берген болатын. Бүгінде

еліміздің барлық аймағында Жолдауда
көтерілген «Халықтық құрылыс»
а у қ ы м ды  б а ғ д а р л а м а с ы н  і с к е
асыру, халықтың табысын арттыру  және инфрақұрылымды жаңғырту бағытындағы бастамаларды ел арасында кеңінен түсіндіру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бұл жөнінде
біз газетіміздің өткен санында да
кеңінен жазған болатынбыз. Талай
жыл білім саласында еңбек еткен

ауданның Құрметті азаматы, аудандық
аналар кеңесінің төрайымы Түзел
Алагөзованың жетекшілігімен аудандық
аналар кеңесінің алқалы отырысы өтті.

Отырыс барысында кеңес мүшелері өз
ой-пікірлерін ортаға салды. Басқосуға
қатысқан ақжаулықты аналардың
барлығы да Мемлекет басшысының
жаңа Жолдауындағы әлеуметтік
нысандар салу, ең төменгі жалақыны
көтеру, «Адал азамат» құндылықтарын
дәріптеу мен білім саласын қолдау
жөніндегі тың бастамаларға бірауыздан
қолдау білдірді.
Отырысты қорытындылаған аудандық аналар кеңесінің төрайымы Түзел Селбайқызы елімізде қолға алынып
жатқан ауқымды реформалар мен
«Халықтық құрылыс» бағдарламасы
халықтың әл-ауқатын арттырып,
өңірлердің өркендеуіне зор серпін
беретінін ерекше атап өтті. Сондай-ақ,
әрбір отандасымызды ел болашағы
жолында бірлік танытып, Жолдауда
белгіленген игі міндеттерді бірлесе
жүзеге асыруға үлес қосуға шақырды.

Айым НҰРБЕКҚЫЗЫ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий