Ботулизмнің алдын алу
23 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
«Мейірім» әлеуметтік дүкені ашылды
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында айтылған «Халық табысының өсуі, тұрмыс сапасын арттыру, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыруға» байланысты ел аумағында ауқымды шаралар атқарылып жатыр. Жолдау жүк теген міндеттер аясында аудан әкімдігі де бірқатар жұмыстарды қолға алып, жоспарға сай атқарып келеді.
Кеше аудан орталығы Құлан ауылынан «Мейірім» әлеуметтік дүкені ашылды. Әлеуметтік дүкеннің ашылуында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Бейсенбек Әлпейісов аудан әкімдігінің атынан Сайд-хасан Ахаев, Сәтжан Мамырбаев, Арылбек Қораласбаев, Шындос Мырзалиев, Дархан Көпбаев сынды атымтай жомарт жандарға алғысын білдірді. Аудан әкімдігінің қолдауы, аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ашылған әлеуметтік дүкенге көптеген ұжымдар мен жекелеген азаматтар да қолдау білдіріп, көмек қолдарын созған. Ал, әлеуметтік көмекке аса мұқтаж азаматтардың тізімін ауылдық округ әкімдіктері айқындап, зерделеу жұмыстарын жүргізген екен.
Әлеуметтік дүкенге Құлан, Абай ауылдық округтерінің жалғызбасты, көпбалалы аналары мен әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылары келіп, тегін азық-түлік пен киім-кешектер алды. Енді 21-24 ақпан аралығында бекітілген кестеге сәйкес қалған ауылдық округтердің жоғарыда аталған санаттағы отбасыларына кезең-кезеңімен азық-түліктер мен киім-кешектер берілетін болады. Бізге берілген мәлімет бойынша осы төрт күндікте 255 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетіледі. Ұйымдастырушы тарап, бұл бастама жыл бойы
жалғасатынын айтып, аудан тұрғындарын сауапты іске атсалысуға шақырды.
Мереке СЕЙДАШЫМ.