Көкжөтел дегеніміз не?
49 ViewsЖоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығының зақымдалуымен және ауыр жөтелдің пайда болуымен сипатталатын жедел инфекция көкжөтел деп аталады. Көкжөтел — жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығын…
«КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК» ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА
Өзіміз өмір сүріп жатқан әлемде әртүрлі адамдар өмір сүреді. Айналамызға бір сәт назар аударып қарасақ, сан түрлі адам баласын көреміз. Олардың бәрінің де өзіміз секілді дүниеден алатын өз орны бар және олардың әрбірі қоршаған қоғамның ажырамас бір бөлшегі. Мемлекет бізге жағдай жасағаны секілді оларға да ерекше көңіл бөліп, өзге адамдармен, қоғаммен ешбір кедергісіз қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беріп отыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің соңғы жарияланған Жолдауында «мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған «кедергісіз орта» қалыптастыруға зор мән берілуі тиіс» деген болатын. Демек, олар мен қоғамның арасында ешбір кедергі болмауы керек деген сөз. Қашан да игі бастамалардың басы-қасында жүріп, әлеуметтің әл-ауқатын арттыру жолында қызмет етіп жүрген аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде «үйде әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімшесі бар. Аталған бөлімше мүмкіндігі шектеулі азаматтармен үнемі тығыз қарым- қатынаста жұмыс жасап келеді. Оларға әртүрлі қолөнер бұйымдарын жасауды, аспаздық өнерді үйретіп, қоғаммен қарым-қатынаста болуы үшін ауқымды іс-шаралар өткізіп тұрады. Соның бір айғағы – жуырда аталған бөлімде «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында аудандағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жәрмеңке ұйымдастырылды. Онда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қолөнер бұйымдарынан арнайы көрме жасалып, ас мәзірі орналастырылған. Жәрмеңкеге жиналған азаматтар өздерінің мемлекетке қажеттігін тағы бір мәрте ұғынып, өздеріне ерекше көңіл бөлетін ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді. Сектор меңгерушісі Мейрамкүл Қалықова мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін «кедергісіз орта» қалыптастыру жолында әлі талай жұмыстар атқаратынын айтты. Біз де нәтижелі жұмыстың куәсі болып қайттық. Жиын соңында «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы жәрмеңкеде өз бұйымдарын ұсынғандарды марапаттап, арнайы алғыс хат ұсынды.
Салтанат ҚАРАСАЕВА.