АНА ТІЛІМ – АСЫЛ МҰРАМ

1 041 Views

АНА ТІЛІМ – АСЫЛ МҰРАМ

21 ақпан – халықаралық ана тілі күніне орай М.Өзбеков атындағы м ә д е н и е т ү й і н д е г і к о в о р к и н г орталығында аудандық кітапхана бөлімінің ұйымдастыруымен «Ана тілім – асыл мұрам» атты жиын өтті.

Шараға аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Нұрсұлу Топатаева, Ә.Бөкейханов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шынар Тұрғанбаева және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ренат Сартаев қатысты. Коворкинг орталығына кітапхананың тұрақты оқырмандары саналатын белсенді оқушыларды жинап, интеллектуалды ойын ұйымдастырған кітапхана қызметкерлері өз оқырмандарына Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңынан, елімізге белгілі ақын-жазушы

Сұхбаттасқан лардың шығармаларынан үзінділер келтіріп, бірнеше сұрақтар қойды. Жиынға келген тіл жанашырлары өз ой-пікірлерін білдіріп, тіліміздің тұғыры биік екенін жеткізсе, кітапхана ұжымы тапқырлық танытқан оқырмандарына арнайы алғыс хаттар мен кішігірім сыйлықтар үлестірді. Осылайша, ана тілдің айбынын биік етуді көздеген тағы бір жиын өз мәресіне жетті.

Салтанат ҚАРАСАЕВА.

Поделиться ссылкой: