Ботулизмнің алдын алу
32 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Жат ағымның жетегінде кетпеуге шақырды
Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Құлан ауылындағы орталық «Сұлтан» мешітінде жамағатпен кездесу өтті. «Сұлтан» мешітінің бас имамы С.Жадыраев өз сөзінде: «Терроризм -діни емес, әлуметтік құбылыс болса да, көптеген жағдайларда террористер өздерінің саяси мақсаттарын діни ұрандарға жасырады. Ол діни өсиеттердің мағынасын дұрыс түсіндірмейді, олардың мәні мен адамгершілік шығу тегін бұрмалайды. Бұл белгілі бір адамдарға «діни терроризм» деп айтуға себеп береді, -деген пікірін жеткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға діни ағымдардың радикалдану қаупі және олардың халық арасында, соның ішінде, жастар арасында таралуының алдын алу туралы бейнематериалдар көрсетілді.
Сонымен қатар, жалған діни ұйымдардың қоғам санасына теріс әсер етуі мен дәстүрлі және дәстүрлі емес исламға қатысты мәселелер қаралды.
«Құлан таңы» ақпарат.