Шоқ тілді Шона
17 ViewsӨткен сәрсенбіде Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде белгілі сатирик Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай Басқар Битанов атындағы халықтық театр ұжымының ұйымдастыруымен «Жүз шымшыма»…
Маңызды шешімдер қабылданды
«Нұр Отан» партиясының кезекті ХVІІІ съезі партияның 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасын бекітіп қана қоймай, партияның 20 жылдығы аясындағы басты іс шарасы болды.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың құттықтауымен басталған съезде алдағы уақыттардағы халықтың әл-ауқатын жақсартуға, оларға әлеуметтік қолдау білдіруді нығайтуға бағытталған шараларды ұсынып, біршама басты проблемаларға басымдылықтар берілді. Ең алдымен қол жеткізген жетістіктерге тоқталған Елбасы халықтың әл-ауқатын көтермесе кез келген экономикалық жетістіктің керегі жоқ екенін айтып, қашанда халықты қолдайтынын тағы бір рет дәлелдеді. «Елің қуатты болса, бағың тұрақты болады» демекші, Елбасының «Биыл әлеуметтік салаға республикалық бюджеттің шығынының 45 пайызы жұмсалады деп күтіп отырмыз. Бірақ, әлеуметтік блокта бірқатар мәселелер бар. Сондықтан мен халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін Ұлттық қордан ақша бөлу туралы шешім қабылдадым» -деген сөзі халық жақтаушыларының да көңілінен шығып, қазақстандықтарды бір серпілтті. Елбасының «Біздің ауылдарды даму нүктесіне айналдыру керек. Ауылда жұмыс орындарын ашуға болады ғой» – деген сөздері ауыл тұрғындарының болашаққа деген сенімдерін арттырды. Съезд барысында Елбасы білім қызметкерлерін де назардан тыс қалдырмады. Ол мұғалімдердің жалақысының өскенін, алдағы уақыта өздерінің кәсібилігін дәлеледеген педагогтардың жалақылары 30-50 пайызға дейін өсетіндігін айтып, ең аз мөлшердегі жалақы алатын адамдардың жалақысын 30 пайызға өсіруін тапсырды.
Халықтық ұйымға айналған «Нұр Отан» партиясының да жұмыс істеу принциптерін күшейтті. Елбасы өз сөзінде, «Барлық бағдарлама бар. Индустриялық бағдарлама бар, ауыл шаруашылығы бар, білім бағдарламасы бар, денсаулық сақтау бағдарламасы бар. Қаржыны бердік. Сол бағдарламалардың бәрі орындалса, халықтың жағдайы түзеледі. Партияның дәрежесін көтеріп, елге жұмыс жасайық. Партияның экономикалық бөлімін, мониторинг кабинетін құрамыз. Халыққа көмек көрсету бағдарламасын күшейту керек» -деп нақты тапсырмалар беріп қана қоймай, жоспарымен де бөлісті.
Мұратжан МЕЙМАНХАНОВ, Бауыржан Момышұлы
атындағы орта мектептің директоры,
«Нұр Отан» партиясы, «Каменка» бастауыш партия
ұйымының төрағасы.