Қазақтың «Амалы» – татулықтың қамалы
14 ViewsҚазақстанның батыс аймағындағы облыстар Көрісу мерекесін өте жоғары деңгейде атап өтеді. Бұл мерекеге оңтүстік өңірлердегі жұртшылықта ерекше ден қою үстінде. Онысы өте дұрыс деп…
Ел күткен үміт ақталды
«Нұр Отан» партиясының құрылғанына жиырма жыл толып отыр. Осы жылдары бас партия елдің жүгін көтеріп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуіне лайықты үлесін қосты. Партияның Тұрар Рысқұлов аудандық филиалы мен бастауыш партия ұйымдары да партия жұмысының жандануына елеулі еңбек етті. Елдегі түйткілді мәселелерді шешу жолында атқарылған жұмыстар халықтың көңілінен шығып, бас партия ел сеніміне ие болды. Тұрақтылық бар жерде өркендеу болатынын айтып, халықты ұдайы ауызбіршілікке, бейбітшілік пен татулыққа ұйыта білген партияның кезекті ХVIII съезінен ел үлкен үміт күткен еді. Меніңше, үміт ақталды. Оны съезден кейінгі халықтың көңіл-күйінен, баспасөзде, әлеуметтік желілерде жазған ізгі тілектерінен аңғаруға болады.
Мемлекеттің қуаттылығы тұрғындардың тұрмыс сапасымен өлшенетінін айтқан Президент халықтың болашақта емес қазіргі таңда бақытты болғанын қалайтынын жеткізді. Демек, ендігі жерде әлеуметтік салаға бұрынғыдан да көп көңіл бөлініп, қолдау көрсетілетіні анық. Съезде Елбасы өмір сапасын жақсарту мақсатында көп балалы аналарға берілетін атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін жиырма бір мыңға арттыру жөнінде тапсырма берді. Ол үшін Ұлттық қордан қаражат бөлінетін болды. Елбасының бұл тапсырмасын ел тұрғындары қызу қолдады.
Қуаныштарында шек жоқ. Расында да қуанатындай-ақ жағдай. Мемлекет басшысы айтқандай, қарапайым халықтың әлеуметтік жағдайы түзелсе, мемлекеттің де қуаты артып, экономикалық әлеуеті арта түседі.
Съезде «Бақуатты қоғам: онжылдықтың он мақсаты» атты «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданды. Аты айтып тұрғандай он мақсаттан тұратын бұл бағдарлама халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталып отыр. Алдағы жылдары «Нұр Отан» партиясы мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсетуге ғана емес, барлық қазақстандықтардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға бағытталатын тиімді және әділ әлеуметтік саясатты іске асыруды қолға алатын болады. Бағдарламада көзделген барлық мақсаттар әлеуметтік қадамдарға негізделген. Біз бұдан партияның алдында таяу онжылдықта атқаруы тиіс үлкен міндеттемелер тұрғанын байқаймыз. «Қарақат» бастауыш партия ұйымының төрағасы ретінде мен ол жауапкершілікті сезіне отырып, халыққа шынайы қызмет ету бастауыш партия ұйымдарының басты міндеті екенін атап өткім келеді.
Мереке АЙНАҚҰЛОВ,
«Нұр Отан» партиясы, «Қарақат»
бастауыш партия ұйымының төрағасы.