Ағаш көшеттері отырғызылды
28 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі әрі асық атудан №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Ескендір Тегешовтан тәлім алатын Әлижан Жосалы, Нұрсейіт Сәлімғазы, Нұрасыл Әмірбек есімді жеткіншектер ұлттық ойынымыз асық атудан таяуда Тараз қаласында өткен облыстық чемпионатта жүлделі I орынға ие болды. Осылайша, оларға ел чемпионатына қатысуға жолдама беріліп отыр. Алдағы уақытта есімдері аталған оқушылар жасөспірімдер арасында өтетін ел біріншілігінде бақ сынайтын болады.
Марат ДИХАНБАЙ.