ТЕК ФИНАЛДА ҒАНА ЕСЕ ЖІБЕРДІ
Таяуда Қарағандыда 2004-2005 жылғы жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан чемпионатында е р к і н к ү р е с т е н Қ ұ л а н ш а ғ ы н орталықты мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы, №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті Маулен Абуталип жүлделі II орынды иеленді. Арқа төсінде ұйымдастырылған ел біріншілігінде Маулен 5 кездесу өткізген. Алғашқы айналымда қостанайлық Никита Кудряковты 10:0 есебімен жеңсе, екінші белдесуде Ақмола облысының үкілеген үміті Алижан Искаковты да дәл сондай есеппен ұтқан. Түркістандық балуан Бауыржан Қалыбаев та біздің оғланға 10:0 есебімен жеңілді. Жартылай финалда шымкенттік Мардан Үмбетәлі де Мауленмен жарытып күреспеген. Есеп 10:0. Осындай нәтижелер тіркелгеннен кейін мамандар Мауленді ақтық сында да жеңіске жетеді дескен. Алайда, бұл жолы жас балуанымызға сәттілік жолдас болмады. Ақтөбелік Нұрлан Өтегенов жерлесімізді 9:2 есебімен ұтып кетті. – Еркін күреспен айналысып жүргеніме 4 жылдай уақыт болды. Сүйікті әдісім – қазақтың қара жамбасы. Осы әдісті қарсыластарға жасауға тырысып бағамын. Бапкерім Алтай Жанекеевке үлкен алғыс білдіргім келеді. Менің әрбір жеңісіме жаттықтырушымның тигізген көмегі зор,-деді жасөспірім балуан «Құлан таңына» берген сұхбатында. Айта кетейік, Маулен Абуталип бұған дейін де көптеген жарыстарда топ жарған балуан. Мәселен ол Алматыда өтетін дәстүрлі жарыстың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қ о н а е в т ы е с к е а л у ғ а а р н а л ғ а н республикалық турнирдің екі дүркін жеңімпазы. Сондай-ақ, Шымкентте өткен Әмірхан Шадиевті еске алуға арналған турнирдің де жүлдегері.
Марат ДИХАНБАЙ.