БІЗДІҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ

1 047 Views

Біз «Ұлы дала» дегенде жүрегіміздің терең түкпірінде жатқан ұлттық құндылықтарымызды оятып, оның жаһандық тарихтағы орнына орны мен оябы бөлек көзқараспен қараймыз. Сөйтеміз де Күнгейіміз бен Теріскейімізді түгендей бастаймыз. Елбасының мақаласында айтылғандай сақтар мен ғұндардың түркі халықтарының яғни арғы бабаларымыздың, ұлтымыздың этногенезі екеніне көз жеткіземіз. Иә, ол рас, біздің жерімізде өсіп, өніп өмір сүріп келе жатқан көптеген этностарға ортақ Қазақстан тарихы екенін де мойындаған жөн.

Ұлы дала деген ұғымға бәрін сыйғызуға болады. Әйтпесе, сонау Америка жеріне түбі түркі үндістер майялықтар қайдан барды. Ғалымдар оларды алтайлық түріктер деген болжам айтады. Елбасы өзінің мақаласында осы Ұлы даланың жеті қырының бірі деп атқа міну мәдениетін алға қояды. Егер көшпенді, салт ат үстінде өскен бабаларымыз қыл құйрықты жануарды пір тұтпаса Атилла бүкіл Еуропаны қалайша жаулап алды? Оның қазіргі мәдениеті дамыған европалықтардың төрінде отырып билік жүргізгенінің өзі біз үшін мақтаныш емес пе. Жылқыны қазақ – күлік (сәйкүлік) дейді, ал, пайғамбарымыз оны пырақ деп мінген. Шапқан ат үстінде келе жатып садақ тарту өнері де сол бабалардан қалған. Күні кеше ғана меркілік екі азамат садақ тартудан дүниежүзінің чемпионы атанды. Сарбаз бен оның мінген атын қорғауға арналған сауытты да алғаш рет

 біздің бабаларымыз жасапты.

Ұлы даладағы ежелгі металлургия, аң стилі туралы мақалада Ұлы даланы мекендеген халықтардың дүниетанымы мен құндылықтарын ата-бабаларымыздың басты тұрмыстық

 қағидаты болды деп түсіндіреді. Жалпы «аң стилі» феномені әлемдік өнердегі биік белес деп ұғыну керек. Алтын адам мен түркі әлемінің бесігі туралы айтқанда тағы да сол Алтай ауызға оралады. Ұлы Жібек жолы, алма мен қызғалдақ та біздің пәкиза табиғатымыздың жемісі. Мәселен, Қазақстанда қызғалдақтың 35 түрі өседі екен.

Иә, Елбасының бұл мақаласы шынында да біздің сарайымызды ашып, қазақ даласындағы ежелгі өнер мен фольклор хақындағы сауатымызды жаңғыртты. Бұл турасында «Бабалар сөзі» атты жүз томдық кітапты оқу ләзім. Ұлы даланың көне сарынын тыңдағыңыз келсе қобыз бен домбыраға, сыбызғы мен сазсырнайға құлақ тосыңыз көкірегіңіздің сарайы ашылып, жаныңыз жадырап қалады. Елбасы Ұлы даланың жеті қырын жете түсінуге, осы жеті саланы рухани жаңғыруымыздың заңды жалғасы деп қарау керектігін көкірегімізге әкеліп құяды. Сөзінің соңында Елбасы: «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады» дейді. Иә, бұл болашағымызға оң көзқарас таныту болып қалар еді.

Е.ҚҰРЫМБАЕВ,

аудандық мұражай директоры.

Поделиться ссылкой: