Жаңа фельдшерлік- амбулаториялық пункт ашылды
26 ViewsРахым Сәбденов ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Нысан 15 келушіге арналған. Жобаның жалпы құны 298 миллион теңгені құрайды.…
Бірлес орта мектебінде биыл үшінші жыл қатарынан Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, Ломоносов орденінің иегері Әшіралы Бисембаевты еске алуға арналған аудандық 7-9 сынып оқушылар арасындағы математика-шахмат турнирі өтті. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі Күлшара Ауғанбаеваны еске алуға арналған аудандық 10 сыныптар арасында Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен эссе байқауы ұйымдастырылды.
Іс-шараны аудан әкімі Садрқұлов Ерболат Салқынбекұлы сөз сөйлеп ашып берді. Бірлес орта мектебінде Әшіралы Бисембаев пен Күлшара Ауғанбаевамен әріптес болған ардагер ұстаздар сөз сөйлеп, олимпиадаға келген оқушыларға сәттілік тіледі. Ауыл ақсақалы Сайлауқұл Аптиялиев те сөз алып, қатысушы оқушыларға ақ батасын берсе, Құрмет орденінің иегері, Алматы облысындағы Қаратал ауданының Құрметті азаматы Қайрат Әшіралыұлы өзінің ізгі тілегін жеткізді Сонымен, 10 сыныптар арасында өткен аудандық эссе байқауына 24 оқушы қатысып, І орынды Р.Смайылов атындағы орта мектептің оқушысы Дана Саламат иеленсе, ІІ орынды №1 мектеп-лицейінің оқушысы Дариға Құрманалы мен Р.Смайылов атындағы орта мектептің оқушысы Алина Әлібек, ІІІ орынды Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Кәусар Баянғали мен Бірлес орта мектебінің оқушысы Дана Қиялбекова лайық деп танылды.
Ал, аудандық 7-9 сынып оқушылары арасындағы ІІІ математика олимпиадасына аудан бойынша 7 сыныптан 25 оқушы қатысып, І орынды №1 мектеп-лицейінің оқушысы Дәулет Әдібай жеңіп алса, ІІ орынды Ә.Бөкейханов атындағы орта мектептің оқушысы Нұрай еншіледі. Жүлделі ІІІ орынға Бірлес орта мектебінің оқушысы Айман Садатқызы қол жеткізді. 8 сынып бойынша 26 оқушы қатысып, І орынды Ақыртөбе орта мектебінің оқушысы Жанар Иманқұл, ІІ орынды Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің оқушысы Жанель Есимова, ІІІ орынды №1 мектеп-лицейінің оқушысы Дильназ Мұхамеден мен А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің оқушысы Мерей Алтынбекова жеңіп алды. 9 сынып бойынша 26 оқушы қатысып, І орынды Абай атындағы орта мектептің оқушысы Бақдәулет Кеңесбай иеленсе, ІІ орынды Б.Момышұлы атындағы орта мектептің оқушысы Жансая Убайда еншіледі. Үздік үштікті Ә.Бөкейханов атындағы орта мектептің оқушысы Жантөре Сванов пен А.Шынәсілов атындағы орта мектептің оқушысы Самал Кеңес қорытындылады.
Шахмат турниріне Жамбыл облысы мен көрші Қырғыз елінің Талас, Шу облыстарының шахматшылары келіп қатысты. Жарысқа 48 адам қатысып, 1 орынды Тараз қаласының тұрғыны Жүнісбек Сериков, 2-3 орындарды Жамбыл ауданының тұрғындары Абдусамат Арипов пен Қуандық Қыдырмухаметов жеңіп алды.
Еркежан ЕРЖАН.