Қарт ананы құттықтады
34 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Бүгінде ауылшаруашылық саласына тың серпін қажет екендігі түсінікті. Ал, ол үшін шаруасы тұралап қалған шаруа қожалықтардың жұмыстарын қайта жандандыру қажет. Қазіргі таңда осы бағытта мемлекет тарапынан көптеген жобалар қолға алынып, іске асырылып жатқандығын да айта кетейік. Алайда, сол бір серпін берер жобалар жергілікті шаруалар біле ме?
Жуырда агро сала мамандары тағы бір бағдарламаны іске асыруға бел буды. Бұл жолғы жоба «Сенім» деп аталады. «Сенімнің» басты мақсаты – елімізде ірі қара санын көбейту. «Еті жұмсақ» деп саналатын сиырдың басы көбейтіліп, алдағы уақытта еті шет елдерге экспортталмақ. Бұл жайында ауданның шаруа қожалық басшыларына СПК «QazOnimExport Корпорациясының» өкілі Алмазбек Байшекеев мәлім етті. Жобаның жүзеге асуына шаруа қожалық басшыларының қосар үлесі зор екендігін айтқан сала маманы «Сенім» жобасы арқылы кем дегенде 100 бас сиыр алуға болатынын жеткізді.
Бүгін біз «Сенім» жобасын кеңінен таныстыруға келіп отырмыз. Аталмыш жоба ауылдық жерлерде жұмыссыздықты жою, шаруа қожалық жұмыстарын жандандыру, елімізде сиыр малының санын молайту бағытында құрылған бағдарлама. Санаңызда «Аталмыш жоба қалай жүз е г е а с ы р ы л а д ы ? » д е г е н с а у а л тұрған болар. Ендеше жауап беріп көрелік. Мәселен, сіздің жеке шаруа қожалығыңыз бар делік. Шаруа қожалығыңыздың аумағында жобаға лайықты мал бордақылау алаңы мен қожалыққа тиесілі жеріңіз болса, «Сенім» жобасының сенімді серіктесіне айнала аласыз. Қажетті құжаттар рәсімделіп болғаннан кейін, сізге 6-12 айлық тайыншалар берілетін болады. Берілетін сиырдың ең төменгі саны – 100 бас. Қаласаңыз шамаңызға қарай, 100-ден жоғары ірі қараны қораңызға кіргізе аласыз. Бастысы – ниетіңіз болса болғаны. Жобаның жүргізілу уақыты – 10 жыл. Тайынша төл беруге дайын болғанға дейін сізге әр сиырдың басына 51000 теңгеден астам қаржы баққаныңыз үшін төленетін болады. Аталмыш соманы екі жыл қатарынан аласыз. Екі жыл қатарынан қораңызды дизенфекциялау, жұмысшыларыңыздың (малшы, мал дәрігері т.б.) жалақысын төлеу, ұрықтандыру сынды жұмыстарыңызды корпорация алғашында өз мойынына алады. Ескеретін бір жайт, 100 сиырыңыз кемінде 80 бас төл беруі тиіс. Егер де сізге берілген сиырлардың күтімі дұрыс болса, бұл көрсеткішке жету оңай болатынына сенімдімін. Әр сиыр басына екі жылда 51000 теңге төлеуді сиырларыңыз төл берген сәтте біз тоқтатамыз. Үшінші жылдан бастап, бар шығындарыңызды өздеріңіз қарастыруларыңыз қажет. «Ол шығындарды қай қаржымен өтейміз?» дейсіздер ғой. Біз сіздерден әлемдік нарық бойынша АҚШ долларымен төлдеріңізді сатып алатын боламыз. Яғни, бұл жерде ақша тұрақсыздығынан қауіптенудің еш қажеті жоқ. Сатып алынған төлдерді ниет білдіруші өзге шаруа қожалықтарға мал санын көбейту мақсатында беретін боламыз. Ал, түскен қаржыға ары қарай жұмысыңызды жалғастыра аласыздар. Егер де жақсы нәтиже көрсетіп жатсаңыздар біздің тарапымыздан 20000 АҚШ долларына дейін ынталандыру бонустарына ие бола аласыз» деп жобаның бар қыр-сырымен бөлісті.
Жиын барысында ауданның шаруа қожалық жетекшілері сан түрлі сауал қойып, маманнан мардымды жауап алды. Алмазбек Досқұлбайұлы ауданның жеріне байланысты сиыр тұқымы әкелінетінін, жайылымды қоршау жұмыстары жүргізілетінін, қазіргі таңда жоба Алматы облысына қ а р а с т ы К е р б ұ л а қ а у д а н ы н д а жүргізіліп жатқандығын да тілге тиек етті. Егер де «Сенімнің» серіктесі болам десеңіздер толық мәліметтерді аудандық ауылшаруашылық бөлімінің мамандарынан ала аласыздар.
Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.