Аудан әкімдігінің алқа мәжілісінен

701 Views

Атқарылған жұмыстар сараланды

Өткен жұмада аудан әкімі Е р б о л а т С а д ы р қ ұ л о в т ы ң төрағалығымен алқа мәжілісі өтті. Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен жиынға аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім, мекеме басшылары қатысты.

Алқа мәжілісінде жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру, сондай-ақ, аудан аумағындағы отын-энергетика нысандарын 2 0 1 9 — 2 0 2 0 ж ы л ғ ы ж ы л у беру маусымына дайындау ә р і к ө к т е м г і е к і а й л ы қ көріктендіру, абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстарын қорытындылау сынды мәселелер қаралды. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Еркін Сейтжапаров баяндама жасады. Оның айтуынша, жаз мезгілінде м е к т е п о қ у ш ы л а р ы н ы ң демалысы мен сауықтырылуына білім бөлімі тарапынан қолайлы жағдай жасалынған көрінеді.

– Ауданымызда жыл сайын оқушылардың демалысы мен сауықтырылуына жіті мән беріледі. Оның айқын дәлелі ретінде Қарақыстақ тауының бөктерінде орналасқан балалар мен жасөспірімдер сауықтыру лагерін тілге тиек етсем деймін. Биыл да осы дәстүр сабақтастығы жалғасады. Нақтырақ айтсақ, 200 оқушы аталмыш лагерьде жазғы демалыстарын өткізетін болады. Айта кететін тағы бір жайт, бұл тізімге ең әуелі ауданымыздағы аз қамтылған отбасылардың, қамқоршысыз жетім қалған, даму мүмкіндігі шектеулі, мектепішілік және жергілікті полиция қызметінде т і р к е у д е т ұ р ғ а н б а л а л а р енді. Республикалық және халықаралық байқауларда жеңімпаз әрі жүлдегер атанған оқушыларымыз да бұл тізімде бар.Тау бөктеріндегі жазғы лагерь III кезең бойынша жүзеге асырылады. Яғни, I кезеңде — 70, II кезеңде — 65, III кезеңде — 65 оқушы Қарақыстақтың етегінде жаз айында қызықты маусым өткізеді деп күтілуде,- деді Еркін Сейтжапаров. Жиын барысында аудан әкімі Ерболат С а л қ ы н б е к ұ л ы а т а л м ы ш лагерьдің тозығы жеткенін сөз етіп, демалыс орнына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтты. Бұдан соң алқалы жиынға қатысушылар екінші мәселе бойынша аудан әкімдігі тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Талғат Айғасқаевтың баяндамасын тыңдады. Баяндамадан соң бұл мәселе бойынша да аудан басшысы өз ойын білдіріп, көктемгі екі айлық көріктендіру мен абаттандыру жұмыстарына көңілі толмайтынын жеткізді. Алқа мәжілісінде бұдан өзге де мәселелер қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.

Марат ЖОЛДАСБЕКҰЛЫ.

Поделиться ссылкой: