Ағаш көшеттері отырғызылды
38 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Аталмыш мереке әлемдік деңгейде 1950 жылдан бері тойланып келеді. Ал, оны өткізу туралы шешім, 1949 жылдың қараша айындағы Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданған болатын. Арада қанша уақыт өтсе де, Халықаралық балаларды қорғау мерекесі өз маңыздылығын жойған жоқ. Керісінше жыл сайын әлеуеті артып, кең көлемде тойланып келеді. Тіпті, үлкен ұйымдар қолдау білдіріп, жоғары деңгейде ұйымдастырылуына өз ықпалдарын тигізуде.
Аты аталған мереке елімізде де тойланып жүр. Осыған орай, өткен аптаның соңына қарай ауданның орталық алаңында ауқымды шаралардың бірі болып өтті. Дәлірек айтар болсақ, «Бақытты балалық» атты мерекел ік кон ц ерт б а л т і л і м е н б а у р а ғ а н балғындардың құрметіне а р н а л д ы . С а л т а н а т т ы жиынға аудандық білім бөліміне қарасты мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің оқушылары, қосымша білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілері, көркемөнерпаздар ұжымдары, «Әдемі-ау» халықтық ән-би ансамблінің мүшелері, педагогтар мен ата-аналар және де аудан тұрғындары қатысты. Іс-шара барысында аудан әкімі Ерболат Садырқұлов аудан бүлдіршіндерін келіп жеткен мерекемен құттықтап, алдағы жазғы демалыстарын жақсы өткізулеріне тілектес екендігін жеткізді.
Аудан басшысының құттықтау сөзінен кейін топқа бөлінген оқушылар сап түзеп, аудан орталығымен жүріп өтті. Аталмыш шеруге аудан бойынша 720 оқушы қатысып, үрмелі-соқпалы, домбыра, қобыз секілді ұлттық аспаптарда ойнап, аудан жұртшылығының қошеметіне бөленді. Халықаралық, республикалық жарыстарда оза шапқан оқушылар ерекше аталып, есімдері еленді. Сонымен қатар, жиын барысында ұлттық ойын түрлерінен, асфальтқа сурет салу сынды байқаулар ұйымдастырылып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Іс-шара соңы концерттік бағдарламамен жалғасып, көпшілік серуеніне ұласты.
Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.