Тағайындау

858 Views

Тұрар Рысқұлов ауданының әкімі Ерболат Садырқұловтың 2019 жылғы 7 маусымдағы №115-ө/жқ Өкімімен Терлікбаев Әлібек Мамытжанұлы аудан әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.

Терлікбаев Әлібек Мамытжанұлы 1985 жылы Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Сәлімбай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетін 2009 жылы Мемлекеттік және жергілікті басқару, 2012 жылы Құқықтану мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Еңбек жолын 2011-2012 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында Инвестициялық саясат бөлімінің статисті болып бастаған. 2012-2015 жылдары Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының студенттік жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінде бас маман міндетін уақытша атқарушы, бас маман болып қызмет етті. 2015-2016 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси мониторинг бөлімінде бас маман, 2016-2017 жылдары Жамбыл облысы әкімінің аппаратында Жамбыл об­лысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының бас маманы, 2017-2018 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының агроөнеркәсіп кеше­нін дамыту және Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімдерінде облыс әкімінің бас инспекторы қызметін абыроймен атқарды. 2018 жылдан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімінің аппараты өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімінде облыс әкімінің бас инспекторы қызметінде болды.

Поделиться ссылкой: