ҚАРАСОРАҒА қарсы күрес жүргізілді
48 ViewsБүгінде аудан аумағында «Қарасора – 2026» жедел- профилактикалық іс-шарасы аясында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өткен аптада осыған сәйкес аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі…
Жуырда Жамбыл облысы Әділет департаменті Әділет органдарының «Рухани жаңғыру»» бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шара өткізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес Әділет басқармасының басшысы Т.Расилов пен бас маман Б.Мұхтарованың қатысуымен «Балдырған бөбекжай» балабақшасында «Отанға сүйіспеншілік» тақырыбында үздік сурет конкурсы өтті. Конкурсқа «Көгершін» тобының бүлдіршіндері қатысты. Олар тақырып аясында сурет салып, өз өнерлерін көрсетті. Осы сурет салу конкурсында Н.Қызылпан, К.Бақытжан, А.Базарбай сынды бүлдіршіндер Әділет басқармасы тарапынан марапатқа ие болды.
«Құлан таңы» ақпарат.