Зерделеу жұмыстары жүргізілді

698 Views

Пазыл Сүлейменовтың төраға­лы­ғымен аудандық Қоғамдық кеңес мү­ше­лері халық кәдесіне жарар біршама іс­тер атқаруда.  Мына деталь соның ай­қын дәлелі болса керек-ті. Қоғамдық ке­ңестің негізгі міндеті жергілікті атқа­рушы органдармен өзін-өзі басқару қыз­­метінің ашықтығын қамтамасыз ету бо­лып табылатындықтан 2015 жыл­дың 2 қа­ра­шасындағы №383-V ҚР заңы­ның 3-бап, 3-тармағына сүйене отырып, біз, аудандық Қо­ғам­дық кеңестің бел­сенді мүшесі Еділхан Жақсығұлов екеу­міз аудан­дық «Халықты жұмыспен қам­ту орта­лығы» коммуналдық мемлекет­тік меке­месінің атқарып жатқан жұмы­сын нысанаға алып, мониторинг жүр­гі­зіп көрдік.

Зерделей келе, 2019 жылдың 1 сәуі­рі­нен бастап, жаңа тәртіппен атаулы әлеуметтік көмекке аудан бойынша «E-халық» ақпараттық жүйесіне 1708 отбасының өтініші түскені анықталды.  Оның ішінен 122 отбасы өтінішінен әр түрлі себептермен бас тартқан екен. Ал жан басына шаққандағы табыс­тары кедейшілік шегіне жет­пей­тін 1586 обасына 238248,0 мың тең­ге та­ғайын­далып, аталған көмек көр­сеті­ліпті. Сәуір айында 942 отба­сы­ның 4885 адамына 80610,0 мың теңге тағайын­далып, толық төлемге жібері­ліп, қалған 43 отбасына табыстары асып кеткендіктен түрлі себептермен заңды түрде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмаған. Мамыр айында 766 өтініш қабылданып, аталмыш көмек­ті тағайындау жұмыстары өз деңгейін­де жүргізіл???ген.

Зерделеу жұмысы барысында ха­лық­­­қа қызмет көрсету орталығына 1197 аза­мат­тар мен азаматшалар жұмыс­сыз ретін­де тіркелгенін анықтадық. Оның 329-ы тұрақты жұмысқа орналасыпты. Бұл деректі көзіміз шалғанда дән риза болдық. Мекеме тарапынан оқу ор­нын тәмамдаған жастарымызға қол­дау көрсетіп, жұмысқа орналасуға мүм­кіндік беру мақсатында 107 адам «Жас­тар тәжірибесі» бағдарламасымен қамты­лыпты. Олардың барлығы бірдей осы мүм­кіндікті пайдаланып, жұмысқа орна­ласты деу шындыққа жанаспайды әри­не. Бірақ, мүмкіндік жоқ емес, бар.

Дәнекерлеуші, аспазшы және ті­гінші секілді қысқа мерзімді кәсіби оқу­ға өтініш берген адамдардың саны — 165. Бұның 80-і ауданымыздағы та­ри­­хы тағылымға толы Құлан агротех­никалық колледжінде оқыса, 85-і Тараз қаласында оқиды екен.

М.Стыбаев,

аудандық Қоғамдық кеңестің мүшесі.

Поделиться ссылкой: