Профилактикалық  іс-шаралар жүргізілді

653 Views

Жуырда аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы мен прокуратура қызметкерлері және сот орындаушылары бірлесе отырып, әкімшілік құқық жасағандарға салынған айыппұлдарды өндіру, оларды аудандық қазынаға түсуін арттыру бағытында «Борышкер» жедел профилактикалық жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, айыппұл төлеуден бас тартып, жалтарып жүрген 60 азаматқа түсіндіру жұмыстары жүргізілсе, 69 әкімшілік іс арқылы 716,060 теңге өндірілді. Ал, өткен жылы 10 әкімшілік іспен 194,490 теңге өндірілген болатын. Барлық жиылған 910,550 теңге мемлекеттік қазынаға құйылды.

Сонымен қатар, сала мамандары Заңға қайшы әрекет жасаған азаматтарға 28 әкімшілік хаттама толтырып, айыппұл тұрағына 24 автокөлік қойылды.  Құқық бұзушыларға 176,750 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Шара барысында аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері аудан тұрғындарына Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 810, 893, 894, 669-ші баптарында көрсетілген негізгі ережелерді де түсіндіріп, ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді.

Әкімшілік құқық жасағандарға салынған айыппұлдарды өндіру аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: