Шоқ тілді Шона
19 ViewsӨткен сәрсенбіде Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде белгілі сатирик Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай Басқар Битанов атындағы халықтық театр ұжымының ұйымдастыруымен «Жүз шымшыма»…
2016 жылы Бразилияның Рио-де Жанейро қаласында өткен жазғы Олимпиада ойындарында дзюдодан күміс медаль жеңіп алған жерлесіміз Елдос Сметов күн шығыс елінде жалауы желбіреген әлем чемпионатының қола жүлде иегері атанды. Ширек финалға дейін барлық қарсыласын иппонмен жеңген Елдостан барша отандастарымыз алтын жүлде күткені жасырын емес. Алайда жапониялық Рюдзу Нагаяма жерлесімізден айласын асырып, жартылай финалға жолдама алды. Дегенмен, бұл нәтиже Рюдзудың біздің Елдостан тәжірибесі немесе шеберлігі басым екенін білдірмейді. Бұл – спорт. Келесі жылы Елдос Сметовтың Токиода өтетін Олимпиада бәсекесінде есе қайтаратынына біз бек сенімдіміз.
Бір қызығы, қола жүлде үшін болған белдесулерде қазақтың қос бірдей қайсар ұлдары мен жапонның екі мықтысы белдесті. Яғни, қайсысы жеңсе де, екі елдің қоржынына әйтеуір қола медальдың түсетіні анық еді. Жартылай финалда өзбекстандық Шарафудин Лутфилаевқа есе жіберген отандасымыз Ғұсман Қырғызбаев та осал балуандардың қатарына жатпайды. Қос қазақтың белдесуін жапондықтар үнсіз отырып тамашалады. Негізгі уақытта тең түскен қазақстандық дзюдошылар жеңімпазды «Golden score»-да анықтады. Айта кетейік, 2015 жылы дзюдодан ел астанасында өткен әлем чемпионатының финалында қазақтың қос мақтанышы Рустам Ибраев пен Елдос Сметов белдесіп, жерлесіміздің мерейі үстем болған тұғын. Бұл бәсекеде де Елдос Сметов ваззари ұпайын еншілеп, әлем чемпионатының қола жүлде иегері атанды. Жарайсың, Елдос!
Марат Жолдасбекұлы.