Айару үздіктер қатарынан көрінді
39 ViewsЖуырда Алматы қаласында республикалық «Ауыл спорты» ойындары өтті. Бірінші іріктеу кезеңі әр облыста ұйымдастырылып, жарыс спорттың 7 түрінен өтті. Оған 300 ауылдан шамамен 10 000…
«Бір тал кессең, он тал ек» дейді халық даналығы. Расында тал отырғызудың қоршаған ортаға берер пайдасын асыл дініміз де, ғылым да жоққа шығармайды. Экологиялық мәселелерді шешуді ел Үкіметі қолға алып, жалпыхалықтық акция өткізіп жүр. Өткен сенбі күні ұйымдастырылған республикалық ағаш отырғызу акциясына аудан жұрты да белсенді атсалысты. Аудан әкімдігіне қарасты барлық ауылдық округ әкімдіктері мен мекеме қызметкерлері өздеріне белгіленіп берілген орындарда ағаш отырғызып, сауапты іске үлес қосты. Аудан әкімі Ерболат Садырқұлов дендросаябақтың алдында ағаш отырғызып, акцияға қатысушыларға алғысын білдірді. Дендросаябақ алдында 200-ден аса декоративті тал көшеттері, Құдайберген датқа ескерткіші орналасқан шағын скверге 100-ге жуық жеміс және сәндік талдар егілді.
«Құлан таңы» ақпарат.