Жаңа фельдшерлік- амбулаториялық пункт ашылды
22 ViewsРахым Сәбденов ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Нысан 15 келушіге арналған. Жобаның жалпы құны 298 миллион теңгені құрайды.…
Жуырда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі «Оңтүстік» өңірлік басқармасы 2035 әскери бөліміне қарасты «Қайыңды» шекара заставасының әскери қызметкерлері Қайыңды ауылындағы Райымбек Смайлов атындағы орта мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, қордағы лейтенант Н.Сейдимашевпен бірлесіп, аталмыш білім ошағының жоғары сынып оқушыларымен «Шекараны бүкіл халық қорғайды» атты іс-шара ұйымдастырды.
Жастар жылына орай өткізілген бұл шараның негізгі мақсаты — жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу, оқушылардың әскералды білімдерін арттыру және Шекара қызметі әскери қызметшілерінің мәртебесін көтеру. Сонымен қатар, адамдардың арасында адалдықты бағалау, қаскөйлікке жол бермеу, әр түрлі қылмыстардың алдын алуға үндеу.
Іс-шара барысында оқушыларға шекарашылардың жатын орны, ас мәзірі, шекара күзетінде қолданылатын жануарлар, қару-жарақ пен техника таныстырылды. Одан әрі шекарашылар мен қызметтік иттің шекара бұзушысын ұстау бойынша демонстрациялық әрекеттері көрсетілді. Шекарашылар мен оқушылардың ортақ шешімі бойынша іс-шара аяғында «Біз — шекарашылардың жас достарымыз!» — деген ұран бекітіліп, оқушылар оны үш мәрте хормен қайталады. Іс-шараның қорытынды бөлімінде алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі, қордағы лейтенант Н. Сейдимашев шекарашыларға мектеп ұжымы мен оқушылар атынан алғысын білдіріп, атқарып жатқан қызметтеріне сәттілік тіледі.
Думан Алибаев,
«Меркі» шекара комендатурасы комендантының тәрбие, әлеуметтік-құқықтық және идеологиялық жұмыстар бойынша орынбасары, майор.